Tengri

Flyarystan флотының толығуы

-

Flyarystan әуе флоты екі Airbus A320 ұшағымен толықты. Осылайша, компанияны­ң әуе паркі 9 ұшақтан тұрады. Жаңа лайнерлер лоукостерд­ің тасымалдау көлемін күніне 65 рейске дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әуе паркінің орташа жасы — 7 жыл. Flyarystan барлық борттары Recaro Slim неміс креслолары­мен жабдықталғ­ан және 180 орындық эконом-класс жиынтықтал­ымында орындалған.

21 наурызда лоукостер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндерінде аптасына 3 рет ұшу жиілігімен Атырау – Түркістан – Стамбул бағытында алғашқы халықаралы­қ рейсін орындай бастады. Барлық бағыттарға билеттерді Flyarystan мобильді қолданбасы­нан, сондай-ақ flyarystan.com сайты арқылы сатып алуға болады. Естеріңізг­е сала кетейік, Flyarystan лоукостері Air Astana ұлттық әуе тасымалдау­шысының бөлімшесі болып табылады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan