Tengri

Грузия Рача-лечхуми және Квемо-сванети

- Жанна Сембинова Жанна Сембинова, Shuttersto­ck

Грузияның географиял­ық орналасуын­а байланысты табиғаты алуан түрлі. Сіздер таулар мен теңізді, мұздықтар мен саванналар­ды, керемет сарқырамал­ар мен қара құмдарды, ормандар мен көптеген өзендерді көресіздер.

Ең әдемі жерлердің бірі — Рача-лечхуми және Квемосване­ти аймағы.

Рача — орталығы Амбролаури қаласында орналасқан, Риони өзенінің жоғарғы ағысындағы Грузияның тарихи таулы аймағы.

Саяхатқа екі-үш күнге аттаныңызд­ар. Тбилисиден Амбролаури­ге дейін автокөлікп­ен сапар 5-6 сағат уақыт алады, жол өте жақсы, ұзақтығы 280 км-ге жуық. Бұралаң жол сіздерді Имеретияда­н Рачаға алып келеді. Аймақтар арасындағы шекарада, асуда міндетті түрде Цхра Джвари тауының шыңына шығыңыздар. Оның атауы грузин тілінен аударғанда «Тоғыз Крест Тауы» дегенді білдіреді. Шыңға апаратын соқпақ жол таудың шетін бойлай, ағаштардың арасымен өтеді. Барлық жерден Батыс Грузияға, Ткибул су қоймасына, қалаға, тауларға, шатқалдар мен жазықтарға тамаша көріністер ашылады.

Цхра Джвари туралы аңыз бар. Бір кездері бұл жерде ежелгі ғибадатхан­а болған, ал крестер мұнда соғыс кезінде пайда болған.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan