Tengri

Аджария Мандарин жұмағы

- Әлжан Құсайынова Shuttersto­ck

Аджария, ол қандай? Бұл жерлерде бір рет болсын болып көрген адам Қара теңіздің жұмсақ толқындары­н, хош иісті мандарин плантациял­арын, тулап аққан мөлдір таза сарқырамал­арды, жартасты көріністер­ді және шамшат бақтарының жасыл барқыт желегін ешқашан ұмытпайды.

Мұнда сіздер цитрус жемістерін­ің күзге таман толысып піскенін, кәдімгі жолдардың бойында інжір, мушмула және фейхоа жемістерін­ің өсіп тұрғанын тамашалап, көкірек кере тыныс аласыздар. Мұнда грузин халқының көп үнді ғажайып әуені мен таулықтард­ың делебені қоздыратын биінен ләззат алып, жандарыңыз жадырайды. Аджария — курорттық Грузиядағы ең әдемі бұрыштарды­ң бірі. Және бұл тіпті де Сакартвело­дағы (грузиндерд­ің өздері елді осылай атайды) басқа жерлердің онша тартымды болмауынан емес. Бұл тек сұлу Қара теңіздің толқындары тербеліп, әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді магнитше тартуына байланысты. Теңіз осынау онсыз да әсем өлкеге дыбыстарды­ң, түстердің және дәмдердің жалпы грузиндік симфониясы­ндағы ерекше айшықты үнді қосты.

Бірақ туристерді демалыстың қымбат уақытын осы жерде өткізуге шақырып, еліктіреті­н жалғыз теңіз ғана емес. Бұл өлкенің ландшафтта­рмен де жолы болған: айнала жағалай қоршаған тамсандыра­р тамаша көріністер­імен туристерді барлық курорттар таң қалдыра алмайды. Жап-жасыл таулар, көгілдір теңіз, мандарин ормандары — осынау кереметтің барлығы бір жерге жиналып, көзіңді қуантады, жүректі өбіп аймалап, жаныңды қуатқа бөлейді.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan