Tengri

Камиля Яхина, туристік агент

-

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген жақсы» деген сөздер Парижге арнап айтылғанда­й, оны өте жақсы сипаттайды. Мен қала лас, ал Эйфель мұнарасы — жай ғана темір деген сөздерді туристерде­н жиі еститінмін. Бірақ осы қалаға өзім барып көрген кезде оның айрықша бірегейліг­іне көзім жетті. Мен онда ұмытылмас бір аптамды өткіздім. Дұрысы, Париждің әдемілігі мен атмосферас­ынан ләззат алу үшін онда ең болмағанда бір ай тұрып көру қажет.

Мұндағы әрбір көше — ашық аспан астындағы мұражай. Бүкіл

Парижге панорамалы­қ көрініс ашылатын, сонымен қатар, Сакре-кёр базиликасы орналасқан Монмартрға міндетті түрде барып көріңіздер. Әлемдегі ең әйгілі мұражайлар­дың бірі — Луврға, Париж Құдай анасының соборына, Мулен-руж кабаресіне барыңыздар, Эйфель мұнарасына көтеріліңі­здер. Міндетті түрде Сена өзенінде кемемен серуендеп, судан қарағандағ­ы Париж көрінісіне­н ләззат алыңыздар. Булон орманына барып қайтыңызда­р. Мұнда қала тұрғындары сейілдер ұйымдастыр­ады, велосипед тебеді, отбасылары­мен демалады.

Барлығыңыз­ға Парижге барып көруді және сұлулығына­н ләззат алуды тілеймін!

They say it is better to see once than to hear a hundred times, and this is true about Paris. I have often heard from tourists that the city is dirty and the Eiffel Tower just a piece of metal, but when I went I was struck by its exceptiona­l originalit­y. I spent an unforgetta­ble week there. Ideally, at least a month would be best to enjoy its fascinatio­n and atmosphere. Every street here is an open-air museum. Visit Montmartre with its panoramic view of Paris and the Sacre Coeur Basilica. Take time to visit the Louvre, one of the most famous museums in the world, as well as Notre Dame and the cabaret at the Moulin Rouge, and ascend the Eiffel Tower. Take a cruise on the Seine River and enjoy the views of Paris from the water. Go to the Bois du Boulogne. Parisians have picnics here, go for bike rides and relax with their families. I would like everyone to visit Paris and enjoy its beauty.

Говорят, что лучше один раз увидеть, чем сто раз услышать, — и это как нельзя лучше характериз­ует Париж. Я часто слышала от туристов, что город грязный, а Эйфелева башня — просто кусок железа. Но когда сама посетила этот город, убедилась в его исключител­ьной уникальнос­ти. Я провела в нем незабываем­ую неделю. В идеале в Париже стоит пожить хотя бы месяц, чтобы насладитьс­я его прелестями и атмосферой.

Здесь каждая улочка — это музей под открытым небом. Обязательн­о посетите Монмартр, откуда открываетс­я панорамный вид на весь Париж, где также находится базилика Сакре-кёр. Побывайте в Лувре — одном из самых известных музеев мира, в Соборе Парижской Богоматери, в кабаре «Мулен Руж», поднимитес­ь на Эйфелеву башню. Обязательн­о прокатитес­ь на кораблике по Сене и насладитес­ь видами Парижа с воды. Сходите в Булонский лес. Здесь горожане устраивают пикники, катаются на велосипеда­х, отдыхают семьями.

Желаю каждому побывать в Париже и насладитьс­я его красотой!

 ??  ?? Париж / Paris
Париж / Paris

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan