Үлкен пандаға — үлкен болашақ
Панда енді жойылып кету қаупі төнген түрге жатпайды, бірақ әзірге осал түрлердің қатарында. Жабайы табиғатта пандалар популяциясы айтарлықтай өсті. Соңғы рет қытай экологтары үлкен пандалардың санағын 2013 жылы жүргізді, ал зерттеушілер жабайы табиғатта олардың 1 864 басын тапты. Бұған дейін бамбук аюлары ҚХР-ДА 2003 жылы саналған, ол кезде олардың популяциясы 1 596 басты құраған. Олардың көбі Қытайдың Сычуань, Шэньси және Ганьсу провинцияларының ормандарын мекендейді. Үлкен пандалар бүкіл әлемде Қытайдан басқа еш жерде өмір сүрмейді және онда елдің символы мен ұлттық игілігі болып саналады. Шетелдік хайуанаттар бақтарына бір басы үшін 250 мың доллар төлемге немесе достас елдерге дипломатиялық сыйлық ретінде пандаларды, әдетте жұппен жіберу тәжірибесі қолданылады. Бұл ретте шет елдерде өмір сүретін барлық пандалар
ҚХР меншігі болып қала береді. Панданың мезгілсіз өлімі үшін бір миллион доллар айыппұл төлеуге тура келеді, ал олардан туған балалары 4 жасқа тола салысымен Қытайға тапсырылуы тиіс. bbc.com
Great future for the giant panda
The giant panda is no longer an endangered species, though it is still considered vulnerable. The population of wild pandas has increased significantly. The last survey of giant pandas was taken in 2013, when there were 1,864 counted living in the wild. In 2003, the population of these bamboo-eating bears was 1,596. The majority of them inhabit forests in the Chinese provinces of Sichuan, Shaanxi and Gansu. Giant pandas don’t live anywhere else in the world except for China and are considered a national treasure. There is a practice of sending pandas, usually couples, to foreign zoos for $250,000 per animal, or they leave as diplomatic gifts to friendly countries. Even then, all pandas living abroad remain the property of China. The fine for causing the premature death of a panda is one million dollars, and all cubs born abroad have to be returned to China when they are four years old. bbc.com
Большой панде — большое будущее
Панда больше не является вымирающим видом, однако пока она относится к уязвимым видам. Популяция панд в дикой природе существенно увеличилась. Последний раз китайские экологи проводили перепись больших панд в 2013 году, тогда исследователи насчитали в дикой природе 1 864 особи. До этого бамбуковых медведей пересчитывали в КНР в 2003 году, на тот момент их популяция составляла 1 596 особей. Большинство из них обитают в лесах китайских провинций Сычуань, Шэньси и Ганьсу. Большие панды не живут нигде в мире, кроме Китая, и считаются там национальным достоянием и символом страны. Существует практика отправки панд, обычно парами, в иностранные зоопарки за плату 250 тысяч долларов за особь или в качестве дипломатических подарков дружественным странам. При этом все живущие за границей панды остаются собственностью
КНР. За преждевременную гибель панды придется уплатить штраф — миллион долларов, а родившиеся детеныши должны быть переданы Китаю, как только им исполнится 4 года. bbc.com