Мәди Мұстафа, йога оқытушысы
Бұл әсем қала туралы сағаттап әңгімелей аламын. Оның таза, жұмсақ және сәл тұздылау ауасын алғаш жұтқаннан-ақ оған ғашық боласыздар. Қаланың шағын екендігіне қарамастан, Батумиде әр түрлі ойын-сауықтар, экскурсиялар, көрнекті орындар өте көп. Ал маған Қара теңіздің жұмсақ суы сипаған Квариати ауданындағы Батуми жағажайының өзі жетіп артылды.
Көрнекті орындардың әрқайсысы туралы жеке жазуға болады, бірақ мен жай ғана міндетті түрде барып көру қажет болатын жерлердің тізімін жазып шығайын, ал сіздер өздеріңізге ұнағанын таңдарсыздар: ботаникалық бақ, Батуми бульвары, Әли мен Нино мүсіні, «Әліпби» мұнарасы, дельфинарий, Пьяцца алаңы, арқан жолы, Сарпи және Квариати жағажайлары. Батуми маңындағы экскурсияларға назар аударыңыздар, мысалы, таулы Аджарияға барыңыздар, онда сіздерге дәмді тағамдар мен сусындарды ұсынып, нағыз грузин қонақжайлығын паш етеді.
I can talk for hours about this beautiful city. You fall in love when you take your first breath of its clean, fresh, soft, and slightly salty air. In spite of not being very large, Batumi offers a great number and variety of entertainments, excursions, and places of interest. The Batumi beach and the velvet waters of the Black Sea in the Kvariati district were already more than enough for me. I could write at length about each place of interest, but I will just put down the must-see list and leave it to you to choose what sounds best to you: the Botanical Garden, Batumi Boulevard, Ali and Nino statue, Alphabetic Tower, the Batumi dolphinarium, Piazza Square, the cable car, and Sarpi and Kvariati beaches. Consider taking the time to take excursions into the Batumi suburbs, or visit the mountainous Adjara region where you will find good food and drink and meet Georgian hospitality in all its glory.
Про этот прекрасный город я могу рассказывать часами. Ты влюбляешься в него с первого вдоха его чистого, свежего, мягкого и немного солоноватого воздуха. Несмотря на то, что городок небольшой, Батуми предлагает разнообразие развлечений, экскурсий, достопримечательностей. А мне и батумского пляжа в районе Квариати с бархатной водой Черного моря было уже более чем достаточно. О каждой достопримечательности можно писать отдельно, но я просто напишу список must visit, а вы выберете то, что вам будет больше по душе: ботанический сад, Батумский бульвар, статуя Али и Нино, башня «Алфавит», дельфинарий, площадь Пьяцца, канатная дорога, пляжи Сарпи и Квариати. Обратите внимание на экскурсии в окрестностях Батуми, например, посетите горную Аджарию, где вас вкусно накормят, напоят и продемонстрируют грузинское гостеприимство во всей красе.