Рада Исламова, кәсіпкер
Бұл қаланың атын атаған кезде махаббат пен жылулықты сезінемін! Ол керемет — үлкен, жасыл желекке бөленген, тұрғындары өте мейірімді және еңбекқор. Әлемдегі алғашқы қолжазбалық Құрандардың бірі сақталған Осман Құраны мұражайы орналасқан әйгілі Ескі қала. Жақын маңда өте жайлы махалла — өзбек орамы бар. Жұма күні түскі намаздан кейін осы жерде серуендеп жүрсеңіздер, сіздерге жергілікті шайхананың өте дәмді палауынан дәм татуды ұсынуы мүмкін. Атақты «Чорсу» базары, Анхор өзенінің жағалауы, Халықтар Достығы алаңы және соғыс кезінде 14 жетім баланы паналатқан ұста мен оның әйеліне қойылған ескерткіш. Әйгілі «Ильхом» театры, Тәуелсіздік алаңындағы субұрқақ, Қолданбалы өнер мұражайы және Әмір Темір мұражайы. Көптеген дәмді тағамдар, балғын көкөністер мен піскен жемістер. Мен бұл қалаға қайта-қайта ораламын және ол мені ешқашан жалықтырмайды.
When I say the name of this city, I feel so much love and warmth. It is amazing: large, green and full of extremely kind and hard-working people. There is the famous Old City, with the Uthman Quran Museum, home to one of the first hand-written Qurans in the world. Nearby is a homely ‘mahalla’, or local neighbourhood. If you walk through here on Friday after evening prayers, you can treat yourself to fabulous pilau from a local ‘chaikhana’, or teahouse. Don’t miss the famous
Chorsu Bazaar, the Ankhor canal, the People’s Friendship Square and the monument to the blacksmith and his wife who adopted 15 orphans during the war. Also, the famous Ilkhom Theatre, the fountain at Independence Square, the Museum of Applied Arts, and the Amir Timur Museum. You will not be short of delicious food, fresh vegetables and ripe fruit. I often come to this city and will never get tired of it.
Когда я произношу название этого города, то ощущаю столько любви и тепла! Он удивительный — большой, зеленый, с очень добрыми и трудолюбивыми людьми. Знаменитый старый город, где есть Музей Корана Усмана, в котором хранится один из первых рукописных Коранов в мире. Рядом очень уютная махалля — узбекский квартал. Если прогуляетесь по нему в пятницу после обеденной молитвы, вас могут угостить вкуснейшим пловом из местной чайханы. Знаменитый базар «Чорсу», набережная реки Анхор, площадь Дружбы Народов и памятник кузнецу и его супруге, приютившим во время войны 15 детей-сирот. Знаменитый театр «Ильхом», фонтан на площади Независимости, Музей прикладного искусства и Музей Амира Темура. А еще много-много вкусной еды, свежих овощей и спелых фруктов. Возвращаюсь в этот город снова и снова, мне никогда не надоест.