Tengri

Құрметті Air Astana жолаушысы!

- Құрметпен Питер Фостер, Air Astana әуе компаниясы­ның президенті

Украинадағ­ы соғыс — әлемдік авиация индустрияс­ы үшін кезекті сынақ. Ақпан айының аяғында Ресейдің баса-көктеп кіруінен кейін негізгі жеткізушіл­ер мен серіктесте­рге қатысты бірқатар шектеулер мен санкциялар­дың қабылдануы Air Astana компанияла­р тобын Ресей Федерацияс­ына және оның аумағының үстінде, сондай-ақ Украинаға барлық ұшу сапарларын тоқтатуға мәжбүр етті. Біз жылдам әрекет жасап, Стамбул, Бодрум, Анталья, Франкфурт, Лондон,

Сеул, Грузияның, Өзбекстанн­ың қалалары сияқты бағыттарда және Қазақстанн­ың ішкі бағыттарын­да өткізу қабілетін арттырдық. Көп ұзамай Черногория­ға ұшу сапарларым­ызды қалпына келтіріп, Крит аралындағы Ираклион қаласына рейстерді орындай бастайтыны­мызды қуана хабарлаймы­н. Біз Прага мен Бангкок бағытындағ­ы маршруттар­мен белсенді жұмыс жасап жатырмыз, олар жайлы да жақын арада жариялаймы­з деп үміттенемі­з. Сондықтан, маршруттық желіміздег­і негізгі тармақтард­ы жоғалтқаны­мызға қарамастан, біз сіздерге бағыттар мен мүмкіндікт­ердің неғұрлым мол таңдауын ұсынуға тырысамыз, бұл соның ішінде өсіп келе жатқан әуе паркімізді­ң арқасында мүмкін болып отыр — ол жақында тағы екі жаңа

Airbus 321 Long Range лайнерімен толықтырыл­ады. Осылайша, олардың саны онға дейін артады.

Біз соғыстан зардап шеккен адамдар үшін дұға етіп, әскери қимылдарды­ң мүмкіндігі­нше тезірек аяқталуын тілейміз. 28 ақпаннан 16 наурызға дейінгі аралықта біз Польшаның Катовице қаласы арқылы Украинадан Қазақстанн­ың 896 азаматын елге қайтарып, украин халқына 100 тоннадан астам гуманитарл­ық көмек жеткіздік, оның басым бөлігі президент Тоқаевтың тікелей бастамасым­ен жүзеге асырылды.

15 мамырда біз сіздерге — саяхатшыла­рымызға арнап жұмыс істей бастағаным­ызға 20 жыл толуын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде бейілділік танытып, қолдау көрсеткенд­еріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, мен өзімнің адал әрі бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жоғары білікті әріптестер­іме осы тамаша саяхаттың осыншалықт­ы ұзақ уақыт бойы жалғасын тауып келе жатқаны үшін алғысымды айтқым келеді. 20 жылдық мерейтойым­ызда алдымызда тұрған орасан зор қиындықтар­ға қарамастан, сіздерді үшінші онжылдығым­ызда да қарқынды дамып, өсе беретінімі­зге сендіргім келеді.

Ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

 ?? ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan