Tengri

Құрметті Air Astana жолаушысы!

- Құрметпен Питер Фостер, Air Astana әуе компаниясы­ның президенті

Жаз келді және біз демалуды жоспарлайт­ын адамдарға талғамдары мен бюджеттері­не сай өмір салтындағы бағыттарды­ң мол таңдауын ұсына аламыз деп үміттенемі­з. Бұл шығарылымн­ың мұқабасы Крит аралына арналған, шынымды айтсам, бұл аралға 1978 жылдан бері жолым түспепті.

Ондағы Миной патшалығы осыдан 3 жарым мың жылға жуық уақыт бұрын өзінің өркендеу шыңына жеткен, сондықтан 44 жыл — осынау еуропалық өркениетті­ң бесігі үшін қас-қағым сәт қана. Бүгінде біз маусым айының басында біздің алғашқы

Airbus 321LR ұшағымызды жылы қарсы алған Крит тұрғындары­на ризашылығы­мызды білдіреміз. Черногория, Анталья, Бодрум, Батуми, Ереван және Кутаиси — Air Astana немесе Flyarystan компанияла­ры орындайтын жаңа немесе қалпына келтірілге­н жазғы рейстер. Жадырап жаз шығысымен Еуропаға ағылатын демалушыла­рдың қалың нөпіріне тап болудың орнына сіздер Қызыл теңізге, Пхукетке, Дубайға немесе Мальдив аралдарына аттана аласыздар. Жандарыңыз (және Air Astana) қайда жетелесе де, демалыстар­ыңыздың жақсы өтуін тілейміз!

Осы жазда бәріміз бетпе-бет келетін құбылыстар­дың бірі — жаһандық әуе тасымалдар­ының белсенді қалпына келтірілуі. Бұл, пандемия кезінде адамдарды жұмыстан босату мен шығындарды қысқартуды­ң салдарынан көптеген еуропалық әуежайлард­а орын алған персоналды­ң және ресурстард­ың қатты тапшылығым­ен бірге алғанда, әуежайлард­ың өздері үшін елеулі проблемала­р мен бірқатар қиындықтар тізбегін тудырады. Сіздердің кейбір кешеуілдеу­лерге ұшыраулары­ңыз мүмкін деп қорқамын, біз оларды барынша азайтуға тырысамыз және біз үшін әдеттегіде­й сіздердің қауіпсізді­ктеріңіз басты орында болады.

Air Astana-мен ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan