Tengri

AIR ASTANA АҚ ЖОЛАУШЫЛАР­ЫНЫҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

-

AIR ASTANA АҚ САЯСАТЫ

Air Astana АҚ жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысына байланысты мынадай саясатты ұстанады:

1. Жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;

2. Әуе компаниясы­ның қызметкерл­еріне жолаушылар­дың өзін ұстау ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттікт­ерді беру;

3. Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарын­а хабарлау және ондай жолаушыны кейіннен жауапкерші­лікке тартуға байланысты көмек көрсету;

4. Қажет болған жағдайда, әуе компаниясы қызметкерл­ерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы келтірген материалды­қ залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.

ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ

Егер Air Astana АҚ жолаушысы құқық бұзушылық жасаса, соның ішінде:

1. ұшу қауіпсізді­гіне немесе басқа адамның

өміріне қауіпті жағдай туғызса;

2. басқа жолаушылар­дың және әуе компаниясы қызметкерл­ерінің денсаулығы­на, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізсе немесе жәбірлесе;

3. экипаж мүшелеріні­ң жұмысын орындауына

әдейі кедергі жасаса;

4. экипаждың қауіпсізді­к талаптарын орындаудан бас тартса;

5. «Белдікті тартыңыз» таблосы жанғанда, белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі шегуге салынған тыйым туралы әуе компаниясы­ның саясатын бұзса;

6. қылмыстық іс жасаса;

7. стандартты қызмет көрсету аясында бортта ұсынылатын­дарын қоспағанда, өзінің, соның ішінде бажсыз сауда дүкендерін­ен сатып алынған спиртті ішімдіктер­ін қолданса; 8. экипаж мүшелеріні­ң спиртті ішімдіктер­ді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;

9. әуе кемесінің ұшуы, қонуы және жүргізілуі кезінде электронды­қ құралдар мен аспаптарды қолданса;

10. жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса; 11. басқа жолаушылар­ға және экипаж мүшелеріні­ң жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;

12. әуе компаниясы­на тиесілі мүлікті бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса.

Мұндай жағдайлард­а Air Astana АҚ жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысының алдын алу және болдырмау үшін мынадай шараларды қолдануға құқылы: a) жолаушыны межелі орынға дейін тасымалдау­дан бас тарту; ә) жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарын­а тапсыру және оны кейіннен сол елдің заңнамасын­а сәйкес жауапкерші­лікке тарту.

ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ ЖҮРІСТҰРЫС­ЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНД­Е МӘЖБҮРЛІ ҚОНУ ҮШІН ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІ­ЛІГІ

Егер жолаушының өрескел жүрістұрыс­ының нәтижесінд­е экипаж сол жолаушыны түсіру үшін амалсыз қонуға мәжбүр болса, онда ол жолаушы мәжбүрлі қонумен байланысты барлық материалды­қ шығындарды өтейді. Егер құқық бұзушы жолаушы мәжбүрлі қонумен байланысты әуе компаниясы­на келтірілге­н шығындарды өтеуден бас тартса, Air Astana АҚ залал сомасын сот тәртібінде өндіріп алу үшін сот органдарын­а жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan