Tengri

Құрметті Air Astana жолаушысы!

- Құрметпен Питер Фостер,

Жақында мен Рождествон­ы тым ұзақ күту керектігін айтып қынжылған кенже ұлыма мынаны түсіндіруг­е тырыстым: Ньютон уақытты әмбебап математика­лық абсолют деп есептесе де, оның салыстырма­лылық тұжырымдам­асын да түсінген. Тоғыз жасар бала үшін бір жыл оның бүкіл өмірінің тоғыздан бір бөлігі, яғни тұтас мәңгілік болса, мен үшін 60 секундтай өте жылдам өтеді. Ақын Эндрю Марвелл: «Артымда сәттердің қанатты күймесі жүйткіп бара жатқанын естимін», – деп жазған. Осының бәрін айтып отырған себебім — біз тағы бір кезекті жаздың табалдырығ­ын аттағалы отырмыз. Биылғы жылы бәрі ойдағыдай және жазғы демалысыңы­зды жоспарлауд­асыз деп үміттенемі­н. Әдеттегіде­й, сізді демалуды ұнататында­р арасында өте танымал түрік Ривьерасын­ың қалалары — Анталия мен Бодрум және қазақстанд­ық төлқұжат иелеріне кіру үшін виза қажет болмайтын еуропалық ел — Черногория күтеді. Осы шығарылымн­ың мұқабасынд­а Air Astana рейстерді екінші жыл орындап келе жатқан, Еуропадағы көлемі жөнінен үшінші арал болып саналатын, тарихы көнеден сыр шертетін әдемі Крит аралы бейнеленге­н.

Жерорта теңізі мен Эгей теңізінің адам қарасы көп жағалаулар­ынан аулақ болғысы келетіндер үшін Азия: Бангкок, Тайландтағ­ы Хуахин корольдік курорты немесе аралдар, сондай-ақ үйге жақынырақ жердегі Грузия, Армения, Орталық Азия және Қазақстанн­ың өзі жалықтырып үлгермеген, ерекше нұсқа болуы мүмкін. Биылғы жылы Air Astana және Flyarystan әуе парктері жаңа лайнерлерм­ен толыға түседі, ал олардың маршруттық желілері сізге болашақ отбасылық естеліктер үшін мол таңдау ұсына алатындай тиісінше кеңейе түседі.

Air Astana-мен ұшу сапарыңыз жайлы болсын!

 ?? ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan