Dear Air Astana flyer,
Құрметті Air Astana жолаушысы!
Жеке өз басым үшін 1 қазан жыл сайынғы асулы кезең іспеттес, өйткені мен 2005 жылы дәл осы күні Air Astanaдағы жұмысыма кіріскен едім. Мен үшін аса маңызды сол бір сәттен бері 18 жыл өтті және, осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздерге, біздің клиенттерімізге және барлық әріптестеріме осы жылдар ішінде көрсеткен зор қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әуе компаниясы өз қызметін бастағаннан бері адам танымастай болып өзгерді, сіздердің бейілділіктеріңіз бен әріптестерімнің тынымсыз еңбегі болмаса, бұл орасан ілгерілеу мүмкін болмас еді. Биыл 21 жылдың межесінен аттаған Air Astana бұрынғысынша өзінің ұзақ әрі тамаша жолының бастапқы кезеңінде тұрған жас әуе компаниясы болып қала береді және біз осы жолымызды сіздермен, серіктестерімізбен бірге жалғастырамыз деген үміттеміз.
Біз жаңа бағытымыз — Сауд Арабиясы Корольдігінде, Қызыл теңіз жағалауында орналасқан ежелгі, тартымды порт қаласы Жидда туралы қуана хабарлаймыз. Мұнда әлемнің түкпіртүкпірінен мұсылмандар қажылыққа келеді, сонымен қатар, Сауд Арабиясында шетелдік туристерді тарту үшін барлық жағдай жасалған: мұнда сізді көптеген алуан түрлі көрікті жерлер күтеді, солардың арасында Жидда алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Осы ежелгі елге немесе одан қандай мақсатта сапарға шықсаңыз да, біз сізді Air Astana бортында марапаттарға ие болған сервисімізбен қуана қарсы аламыз.
Air Astana-мен ұшу сапарыңыз жайлы болсын!
Құрметпен
Питер Фостер,
Air Astana әуе компаниясының президенті
The 1st of October represents something of an annual milestone for me personally, as it is on this day in 2005 that I started work at Air Astana. Since this year represents a landmark
18 years in the job, I want to take the opportunity to thank you, our customers, and all of my colleagues, for your tremendous support over the years. The airline is unrecognisable from those early post start-up days, and this extraordinary progress would not have been possible without your loyalty, and the dedication of my colleagues. At age 21, Air Astana is still a young airline in the early stage of a journey which we look forward to continuing with you, our partners, for many years to come.
We are pleased to announce our newest destination, Jeddah, the historic and attractive port city on the Kingdom of Saudi Arabia’s Red Sea coast. In addition to its eternal status as an essential place of pilgrimage for the world’s Islamic community, Saudi Arabia is increasingly focused on attracting foreign tourists to its many and varied places of interest, of which Jeddah is high on the list. Whatever your reason for travelling to or from this ancient land, we look forward to welcoming you on board with Air Astana’s awardwinning service.
I wish you a pleasant flight with Air Astana today.
Yours sincerely,
Peter Foster
President & CEO Air Astana