Ұшуға дайындалу Preparing to Fly Подготовка к полету
АВИАБИЛЕТТІ БРОНДАУ
Ұшудың бағасын білу, үйден немесе кеңседен шықпастан авиабилетті брондау немесе ресімдеу үшін сіздер: + 7 (727) 244 44 7 (Алматы қ-сы) немесе 58 44 77 (Қазақстанның басқа қалалары) телефондары арқылы авиакомпанияның брондау және ақпарат орталығымен хабарласа аласыздар.
АВИАБИЛЕТТІ САТЫП АЛУ
Авиабилетті ресімдеу кезінде аты-жөніңіз бен тегіңіздің дұрыс жазылғанына назар аудару қажет. Кейбір елдердің талаптары бойынша, қайту кезіне қарай паспорттың қолданылу мерзімі 6 айдан аз болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында төлем ұлттық валюта — теңгемен жасалады. Сатудың меншікті кеңселерінде ұшуға қолма-қол ақшамен де, сондай-ақ төлем картасымен де, қолма-қол жасалмайтын төлеммен де, Homebank, Kaspi.kz порталдары, «Казком», «Сбербанк России» серіктес-банктері немесе «Касса 24», QIWI төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.
Авиакомпанияның airastana.com корпоративтік веб-сайтында авиабилетке төлем жасау үшін сіздер қолданыстағы кредиттік немесе дебиттік картаны пайдалана аласыздар. «Эйр Астана» авиакомпаниясы кез келген банктің Visa, Mastercard және American Express карталарын белгілі бір шектеулермен төлеуге қабылдайды. Төлем жасағаннан кейін сіздер ресімдеу кезінде көрсетілген электронды адреске авиабилет аласыздар.
ТАРИФТЕР
Авиакомпания жастары 25-тен төмен және 60-тан жоғары жолаушыларға арналған арнайы тарифті қоса есептегенде тарифтердің түр-түрін ұсынады.
* Делиге/ден бағыты бойынша 28 жасқа толмаған жолаушылар үшін арнайы тариф қолданылады. Халықаралық рейстерде:
-Жеке орын алмайтын және ересек жолаушы алып жүретін 2 жасқа дейінгі бір бала — тегін; бірақ кейбір халықаралық рейстерде әуежайдың алымдарын төлеу қажет болады.
- Жеке орын беру арқылы 2 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшеріндегі төлемі;
- Бір ересек жолаушы алып жүретін 2-ден 12 жасқа дейінгі әр балаға — алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшеріндегі төлемі;
Ішкі рейстерде:
- Жеке орын берусіз 2 жасқа дейінгі бір баланы тасымалдау – тегін;
- Жолаушы ертіп жүретін 2 жасқа дейінгі басқа балаларды тасымалдау — толық тарифтің 50% мөлшеріндегі төлемі және жеке орын беру;
- 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – толық тарифтің 50% мөлшеріндегі төлемі.
*Ескерту. Төлем жасаусыз ұшатын балаларға жолжүкті тегін тасымалдау құқығы мен салонда жеке орын берілмейді. Біздің арнайы ұсыныстарымыз туралы ақпаратты www. airastana.com адресінен табасыздар.
РЕЙСТЕРГЕ ТІРКЕУ
Халықаралық бағыттардағы рейске тіркеу ұшудан 3 сағат бұрын және ішкі рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын ашылады. Ұшуға 40 минут қалғанда тіркеу жабылады. Ұшаққа отырғызу ұшуға 15 минут қалғанда аяқталады.
Кешіккен жолаушылар авиабилеттерін басқа рейске ауыстырулары қажет. Қазақстан аумағында тасымалдау үшін жеке басты куәландыруға жарамды болып табылатын құжаттар: паспорт, жеке куәлік, шетелдіктің Қазақстан Республикасындағы ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі, туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін), ҚР қызметтік паспорты, қайтуға берілетін куәлік, ҚР теңізшісінің жеке куәлігі.
Ұшуға шығатын орын ұшуға 15 минут қалғанда жабылады.
ЖОЛЖҮК
«Эйр Астана» рейстеріндегі бір жолжүк орнының ең жоғары салмағы 32 кг/70 фунттан аспауы тиіс. «Эйр Астана» белгіленген нормалардан асатын салмақтағы жолжүкті тасымалдауға қабылдамайды. Әуежайға салмағы 32 кг-дан асатын бір жолжүк орнымен келетін жолаушылар әрқайсысының салмағы белгіленген нормалардан аспайтындай етіп, салмақты өзінің жолжүк орындары бойынша бөліп орналастыруы керек.
Көлемді немесе ірі габаритті жолжүкті тасымалдаған жағдайда, оны тасымалдауға берілетін рұқсатты растау үшін сіз special.services@ airastana.com сайтына жазуыңыз қажет .
ҚАУІПТІ ЖҮКТЕР
Осы бөлімде жолаушылар жеке пайдалану үшін тасымалдайтын, портативті электрондық құрылғыларға — сағаттарға, калькуляторларға, фотокамераларға, ұялы телефондарға, ноутбуктерге, бейне камераларға, медициналық құрылғыларға және т.б. арналған қосалқы литий батареяларына қатысты маңызды ақпарат мазмұндалады.
1) Қосалқы литий батареяларын (литий-иондық және литий-металл батареяларын қоса алғанда) тек қол жүгінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
2) Әрбір кіріктірілген немесе қосалқы батарея мына талаптарға сай болуы тиіс: литий-металл батареялар үшін литийдің құрамы 2 граммнан аспауы керек; немесе литий-иондық батареялар үшін, үлестік қуаты — 100 ватт/сағаттан артық емес.
* Параметрлері осы тармақта көрсетілген, кіріктірілген литий батареялары мен қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды тасымалдау үшін алдын ала рұқсат талап етілмейді.
3) Қол жүгіндегі қосалқы литий батареялары айқас тұйықталуды болдырмау үшін жеке қорғалуы тиіс. Батареялар не өндірушінің түпнұсқалық қаптамасында болуы тиіс, немесе олардың клеммалары оқшаулануы керек, мәселен, оқшаулағыш таспамен желімденуі қажет.
* «Эйр Астана» АҚ алдын ала рұқсаты мына параметрлердегі кіріктірмелі литий батареялары мен қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (медициналықтарды қоса алғанда) тасымалдау үшін талап етілмейді: литий-металл батареялар үшін — литийдің құрамы 2-ден 8 граммға дейін; литий-иондық батареялар үшін — үлестік қуаты 100-ден 160 wh-ға дейін.
Осы абзацта көрсетілген шектерден асатын, кіріктірмелі литий батареялары мен қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғылырды жолаушылардың жолжүгінде тасымалдауға тыиым салынады.
БОРТТАҒЫ ТАМАҚ
Бағытты және маусымдық өнімдерді ескере отырып, біз сіздерге түрлі-түрлі тағамдар ұсынамыз. Ал егер сіздердің қайсыбір диеталық талаптарыңыз болса, онда біздің арнайы ас мәзіріміз бар. Арнайы тамаққа ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын тапсырыс беруге болады.
ХАЙУАНАТТАРДЫ РЕЙСТЕ ТАСЫМАЛДАУ
«Эйр Астана» жолаушыларына салмағы 8 кг-дан аспайтын шағын денелі мысықтарды, иттерді, балықтар мен тасбақаларды салонға өздерімен бірге алуларына рұқсат етіледі (PETC). Ұсақ балықтарды тасымалдау кезінде жолаушылар олардың санын, контейнердің көлемі мен салмағын, сондай-ақ жалпы салмағын көрсетулері тиіс.
Салмағы 8 кг-дан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөліктерінде тасымалдауға болады (AVIH).
Құстар мен кеміргіштерді авиажүкқұжат ресімдеу арқылы әуе кемесінің тек жүк бөліктерінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі (cargo@ airastana.com).
Тасымалдау үшін саяхат бюросындағы өзіңіздің агентіңізге хабарлауыңыз немесе рейсіңіз ұшардан кемі 24 сағат бұрын «Эйр Астананың» арнайы қызмет көрсету секциясына (special.services@ airastana.com) ақпарат жіберуіңіз қажет.
Хайуанатты ұшақ салонында тасымалдауға қойылатын талаптар
• Сіздің хайуанатыңыздың ветеринарлық паспорты • Ветеринарлық куәлігі
• Хайуанатты сәйкестендіруге арналған микрочип немесе татуировка (европалық елдер үшін*)
* Қазақстан аумағында немесе Ресейге сапар кезінде 3 тармақ міндетті емес.
Жоғарыда аталған барлық құжаттарды сіздің хайуанатыңызды тасымалдауға жазған өтініміңізді тіркеу кезінде тікелей ұшудың алдында көрсету талап етіледі.
Аквариумдағы балықтарды тасымалдауға сұраныс жасағанда, ыдыс сыиымдылығының көлемі, балықтардың саны мен салмағы көрсетілуі тиіс (ыдыспен қоса 8 кг-дан аспауы керек). Ұсақ балықтар, тасымалдау үшін қажет ең аз мөлшердегі — 100 мл су құйылған, қақпағы бар (ауа кіретін тесіктер жасалған) арнайы шыны құтыларда тасымалданады. Балықтарды пластикалық пакеттер мен аквариумдарда тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
PETC үшін контейнердің салмағын қоса есептегенде ең жоғары салмақ 8 кг-ды құрайды (17 фунт). Бір жолаушыға тек бір хайуанат салынған бір контейнерді ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ұшақ бортында қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін, контейнердің ең жоғары көлемдері — A320/A321/B757/ B767 үлгісіндегі ұшақтарға – 30 x 47 x 27 см-ге және Е190 ұшағына 29 x 43 x 26 см-ге тең.
AVIH — жүк бөліктерінде тасымалданатын хайуанаттар
AVIH тасымалы кезінде, контейнердің салмағын қоса есептегенде, ең жоғары салмақ 50 кг-дан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, хайуанаттар авиациялық жолжүк ресімдеу арқылы жүк есебінде тасымалдауға қабылданады. Салмағы 40 кг-дан асатын хайуанаттарды берік ағаш контейнерлерде тасымалдау қажет. Бір контейнерде бірге тұрып үйренген, шамамен бірдей көлемдегі екі хайуанатты ғана тасымалдауға болады, әрі әр хайуанаттың салмағы 14 кг-дан аспауы тиіс. Салмағы 14 кг-дан асатын хайуанаттар жеке контейнерлерде тасымалданады. Бір контейнерде алты айлықтан аспайтын ұялас үш хайуанатты ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Хайуанатты (контейнердің салмағын қоса есептегенде) ұшақ кабинасында, сондай-ақ жолжүк бөлімінде тасымалдауға төленетін төлем, сіздің сапарыңыздың бағытына қарай, нормативтен жоғары жолжүктің 1 кг алынатын тариф бойынша екі есе көлемде жасалады. Тарифтер бойынша ақпарат — біздің авиакомпаниямыздың ресми сайтындағы «Нормативтен жоғары жолжүк» бөлімінде. Егер сіздерде сұрақ туындаса, онда special. services@airastana.com жазу арқылы байланысыңыздар.
ЕРЕСЕКТЕР АЛЫП ЖҮРМЕЙТІН БАЛАЛАР
«Эйр Астана» компаниясы ересектер алып жүрмейтін 6-дан 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды өз ұшақтарының бортында құшақ жая қарсы алады.
Ересектер ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балаларға көрсететін қызметі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы қосымша алымдар алмайды.
Қазақстан аумағындағы ішкі рейстерде ересек адам ертіп жүрмейтін, 6-14 жастағы кәмелетке толмаған балалар үшін билеттің бағасы ересектерге белгіленген қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Кәмелетке толмаған, ересектер ертіп жүрмейтін 15 жасқа