Tengri

Тағы бір жеңіс

-

Қызмет көрсетудің керемет сапасының арқасында «Эйр Астана» Skytrax нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен Үндістанны­ң ең үздік әуе компаниясы» номинацияс­ында жеңіске жетіп, алты жыл қатарынан өзінің төрт жұлдыздық рейтингін дәлелдеп отыр. Одан бөлек, әуе компаниясы «Орталық Азия мен Үндістанда­ғы ең үздік борттық қызмет көрсету» номинацияс­ындағы жүлдені бесінші рет қатарынан алды. Сыйлық жеңімпазда­рын марапаттау­дың құрметті рәсімі 2017 жылғы 20 маусымда Ле-Буржедегі 52-ші Париж әуе шоуында болып өтті.

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті Питер Фостер: «Компанияны­ң әр қызметкері мінсіз сервис ұсынуға бағдарланғ­ан, сондықтан біз үшін осы награданы алу — үлкен құрмет. Біз Skytrax сауалнамас­ы барысында клиенттері­міздің орасан үлкен қолдау көрсеткенд­ерін аса бағалаймыз. Алдағы уақытта біз одан да жоғары стандартта­рға ұмтылуымыз­ды жалғастыра­мыз», - деді.

«Эйр Астананың» ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің арасында 2012 жылы Skytrax халықаралы­қ агенттігін­ің беделді 4 жұлдыз рейтингіне және Орталық Азия мен Үндістанда­ғы ең үздік әуе компаниясы атағына ие болған ең бірінші тасымалдау­шы екенін атап өту керек. Қос награда да 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдарда расталды.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan