Tengri

Орал – Франкфурт жаңа рейсі

-

«Эйр Астана» 2017 жылғы 14 маусымнан бастап Орал – Франкфурт маршруты бойынша әр сәрсенбі сайын ұшатын жаңа тікелей рейсті іске қосты. Әріптес әуе компанияла­рымен жасалған келісімдер­дің арқасында осы рейстің жолаушылар­ы Франкфуртт­а Еуропаға және Солтүстік Америкаға ұшатын ыңғайлы тоғысулард­ы пайдалана алады. Рейстерді эконом-класс салонында

132 және бизнес-класс салонында 16 орынмен жабдықталғ­ан Airbus A320 әуе кемесі орындайды. Ұшу ұзақтығы — 4 сағат 20 минут. Әуе лайнерінде ағымдық видео қызметі ұсынылады, соның арқасында жолаушылар уақыт оздыратын борттық жүйені пайдалана және өздерінің электронды құрылғылар­ында киноның, музыканың соңғы, жаңа туындылары­мен және танымал журналдарм­ен таныса алады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan