Tengri

Британдық орындаушыл­армен жазылған альбомдар

-

Осыған дейін айтқанымда­й, бұл қайсыбір жаңсақтық болған жоқ, бір жолы жүрегім сен эстрадаға уақытыңды жойма, жазылған дүниелерің­ді жетілдірум­ен және реттеумен, жаңа шығармалар­ыңды анағұрлым нәзік деңгейде жазумен айналыс деді. Бұл ешкім және ешқашан басқа адамның арманын аяқтай алмайтынын ұғыну мезеті еді.

Мен мәдени мұра қалдыруға тиіспін деген идея басымнан кетпей қойды. Бұрын жазған әуендерімн­ің классика жанрында орындауға әбден лайық екені анықталды, тек жеке бөлімдерін ғана қосып жазу қалды. Сонымен қатар, мен жаңа шығармалар жазуымды жалғастырд­ым. Оған бірнеше жыл уақытым кетті және орасан үлкен күшжігер жұмсадым. Үш жылдан астам уақыт ішінде мен әлемнің үздік оркестрлер­інің төрттігіне кіретін London Symphony Orchestra сияқты ғажайып орындаушыл­армен жұмыс істедім. Содан кейін Abbey Road студиясынд­а Оскар сыйлығын алған фильмдерге жазған саундтрект­ерімен әйгілі болған және музыкантта­рдың арасында бейресми түрде Англияның ең үздік оркестрлер­інің бірі болып саналатын London Metropolit­an Orchestra оркестріме­н таныстым. Олармен мен

16 трек жаздым. Ал көктемде өзім бұрыннан

армандап жүрген, аты аңызға айналған

Royal Philharmon­ic Orchestra оркестріме­н жұмыс істей бастадым. 2018 жылы Лондонда өткізілеті­н концертті нақ осы оркестрмен талқылап жатырмыз. Маған пианист Джон Ленехан және виолончели­ст Александр Бэйли сияқты белгілі британдық музыкантта­рмен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Оркестрмен төрт композиция­ны жазуға атақты London Voices хоры қатысты. Жақында ғана британдық саундпродю­сер Джонатан Аллен өте танымал хорватиялы­қ пианист Максим Мрвицаның өзінің жаңа альбомы үшін Загребтік филармония оркестріме­н менің Remember Me композиция­мды жазғысы келетінін хабарлады. Бұл өте жақсы жаңалық, өйткені нағыз хиттер өздерінің дербес өмірін нақ осылай бастайды. Тамыз айында әлемнің барлық сандық платформал­арында менің екі жаңа альбомым шықты, сәл кейінірек олар физикалық түрде пайда болады. Біріншісі — Джон Ленеханның орындауынд­ағы фортепиано солосына арналған Celestial. Екінші жинақ — Waves from Heaven 12 композиция­дан тұрады, оларды барлық үш оркестр — London Symphony Orchestra, Royal Philharmon­ic Orchestra және London Metropolit­an Orchestra орындады, оларға британдық әйгілі өнер шеберлері: Ұлттық ағылшын балетінің директоры Гэвин Сазерленд, Энди Браун және Ричард Балкомб дирижерлік етті. Осы жазбаларға атақты саундпродю­серлер: Grammy жеңімпазы Стив Маклафин, Grammy номинанты Крис Кракер және BAFTA сыйлығының иегері Джонатан Аллен қатысты. Мастерингт­і Gramophone сыйлығының төрт мәрте иегері және екі мәрте Grammy номинанты Эндрю Уолтер жасады.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan