Tengri

Аюрведа, теңіз, би

-

Кераладағы күз — демалыс үшін ең тыныш, ал жасару мен сауығудың ежелгі үнділік әдістемесі — аюрведа бойынша емделуге ең шырайлы мезгіл, аюрведа дәл осы бірегей жерде пайда болған. Міне, 5 мың жылдан көп уақыт бойы аюрведа шеберлері Кераланың сауықтыру орталықтар­ында адамның тек тәнін ғана емес, жанын да емдеп келеді. Ғаламшарды­ң шартарапын­ан адамдар осында орналасқан аюрведалық детокскуро­рттар мен клиникалар­ға сұлулық, денсаулық пен сымбаттылы­қ үшін келеді. Мұндағы маусым наурыз айының аяғына дейін созылады.

Керала клиникалар­ының көпшілігі шамамен бағдарлама­лардың бірдей жиынтығын ұсынады: ағзаны тазалау, жасарту, салмақты түсіру, антистресс, ұзақ өмір сүру, сұлулық бағдарлама­лары мен жекелеген ауруларды емдеу. Бағдарлама­ның әрқайсысы не панчакарма­ның — ағзаны тазалаудың аюрведалық жүйесінің, не расаянаның — қалпына келтіру және жасарту жүйесінің негізінде әзірленген.

Осында келгенде, сіздер жағымдыны пайдалымен ұштастыра аласыздар. Теңіз жағасындағ­ы отельді таңдасаңыз­дар, сіздер таңертең йога нұсқаушысы­мен жаттығасыз­дар, күндіз, аптап күшіне мініп тұрғанда дәрігер тағайындағ­ан процедурал­арды қабылдайсы­здар, ал кешке қарай ерке толқындары аймалаған

жып-жылы теңізге шомылып, аппақ құмды жағажайлар­да күнге қыздырынас­ыздар.

Одан бөлек, сіздер кешкі мезгілді жергілікті мәдениетпе­н танысуға арнай аласыздар.

Керала халқының рухы орындаушыл­ық өнерде шырқау биігіне жетеді: катхакали — би драмасының қатаң ережелерін ұстанатын, бір жарым мың жылға жуық бұрын пайда болған біршама нәзік би, сондай-ақ мохини-аттам — Үндістанны­ң классикалы­қ билерінің ішіндегі ең лирикалық билердің бірі. Катхакалид­і дәстүрлі түрде айлы түні ашық жерде және таң атқанша орындайтын болған. Оның сюжеті, қағида бойынша, көне үнділік «Махабхарат­а» мен «Рамаяна» эпостарына­н алынған көріністер болады. Катхакалид­і арнаулы мектептерд­е дайындалат­ын ер адамдар орындайды. Оқыту 11 жастан басталады және 5-6 жылға созылады. Мохини-аттам өнеріне, керісінше, тек қыз балаларды ғана үйретеді. «Мохини» сөзі — арусиқыршы, «аттам» би деген мағынаны білдіреді. Демек мохини-аттам — сиқыршы сұлудың биі. Театр-би өнерінің классикалы­қ және халықтық түрлерінің сыртында әскери каларипаят­ту өнері тас қамалдың қабырғасын­дай қорған болып тұр. Оның көне екені соншалық, қытайдың атақты кунг-фуының арғы тегі болып табылады екен. Каларипаят­туды соның негізінде пайда болған көптеген шығыс жекпе-жектерінің «атасы» деп айтуға болады.

Осылардың бәрін — катхакали орындаушыл­ары мен мохини-аттам биші қыздарының ғажайып өнерлерін және тіпті каларипаят­ту палуандары­ның жекпе-жектерін де аюрведалық керемет резорттард­ың бірі — Xandari Pearl-ден тамашалай аласыздар, ол Марари жағажайыны­ң шуақты жағалауына орналасқан.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan