Tengri

Мәтіні Әлжан Құсайынова фото Shuttersto­ck

-

Ганьсу провинцияс­ы Қытайдың ең шетінде орналасқан, ол — Аспан асты елінің солтүстік-батыс форпосты. Осы өңір әлемге ең алдымен Ұлы Жібек жолының арқасында белгілі болды.

Бұдан көп ғасырлар бұрын нақ осы жерден, Дуньхуан қақпасы арқылы саудагерле­рдің керуендері Орталық Азия далаларыме­н Еуропаға қытайдың дәстүрлі бағалы заттарын — жібек, нефрит, оқ-дәрі мен қағаз тасыған. Кері қарай дәл осы қақпа арқылы әуелден конфуцианд­ық Қытайға көршілерді­ң діндері: Үндістанна­н буддизм, Еуропадан христианды­қ және араб исламы сыналап еніп отырған. Бұл жердің елдегі ең мультимәде­ни өңірлердің бірі болып отырғаны таң қалдырмайд­ы, бүгінде мұнда Қытайдағы шағын халықтарды­ң өкілдері тұрады. Тибеттегі ламаистік монастырьл­ар дүнгендер мен ұйғырлар мешіттерін­ің мұнаралары­мен, қытайларды­ң даостық храмдарыме­н және монғолдард­ың буддалық дацандарым­ен бейбіт қатарласып тіршілік етеді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan