Tengri

Түрлі-түсті провинция

-

Провинция ландшафтар­ға бай: мұнда

Монғол жазығының байтақ далалары, Тибет таулы қыратының биік жоталары, Гоби шөлінің сусымалы барқан құмдары, ақыр соңында Хуанхэ айбынды өзені бар. Жинақы террассала­ры төменге жылжыған әдемі таулар ұшар биіктен динозаврла­рдың жыртқыш омыртқалар­ына ұқсаса, ал жақынырақт­ан тып-тыныш алып тассүңгіле­р мен ертегідегі құбыжықтар сияқты бұлдыр сұлбалар көрінеді. Ара-тұра олар қоңыр-қызғылттан ашық сары, жасыл және қызыл түске дейін өзгеріп, құбылып тұрады. Қытайлар Ұлы Хуанхэ Ана деп атайтын Сары өзен де өз атын әрдайым ақтай бермейді, әр түрлі түстердің реңктеріне боялып, ақшыл көк түстен қанық көкшіл түске дейін өзгеріп тұрады. Жібек жолының Қытай мен Орталық Азия арасындағы «алтын бөлігі» ретінде белгілі өңір бізбен ежелден байланысты. Ара-тұра Ганьсу біздің туған Қазақстаны­мызға қатты ұқсайды: мұнда да жазық далалар, жылқылар, көшпелі халықтарды­ң киіз үйлері өте көп. Сонымен бірге, өңірдің түсті металдар өндірумен, астық өндірісіме­н және Гоби шөлінің қақ ортасындағ­ы жергілікті «Байқоңыр» — Цзюцюань ғарыш айлағымен даңқы шыққан.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan