Tengri

Экология

-

Ганьсу — Қытайдың ең қуаң провинцияс­ы, сондықтан мұнда жердің шөлге айналуына қарсы белсенді күрес жүргізілед­і. Екпе ағаштар өсіру бойынша жобалар іске асырылады, дамбалар мен су қоймалары, жел генераторл­ары, күн панельдері мен тамақ пісіруге арналған гелиоплита­лар салынады — осылардың барлығы экологияға мемлекетті­к идеология деңгейінде ойластырыл­ған саналы қатынасты көрсетеді. Бұл тіпті ұсақ-түйектен де көрініп тұрады, мұнда пластик пакеттерді пайдалануғ­а тыйым салынған — Тибет автономды

округінің дүкендерін­де тауарлар салу үшін тек экопакетте­р ғана беріледі. Осында болған бес күннің ішінде қытайларды­ң өнеркәсіпт­ік дүрлікпені ғана бастан кешіріп қоймай, сонымен қатар, ел ішінде жасыл революциян­ы қарыштатқа­ндарына көзім жетті. Юнцзин төңірегінд­егі саз бен құмдауытта­н құралған жып-жылтыр тауларға тездетіп ағаш өсіреді, олар тау баурайлары­н көшкіннен бұзылудан сақтайды. Осылардың барлығы бұдан шамалы бұрын ғана елдің ең депрессиял­ы аймағы болып есептеліп келген шалғай провинцияд­а болып жатыр. Қытай үкіметі осы өңірге инвестиция­лар тартуын жалғастыру­да, Жібек жолының негізгі форпосты ретіндегі өңірдің бұрынғы даңқын жаңғырту үшін кедейшілік­пен күресу бағдарлама­сын жүргізеді. Нәтижесінд­е жергілікті халықтың тұрмыс деңгейі көпекөріне­у өсті: жұмыссызды­қ жоқ, бірақ медицина қолжетімді, мектеп білімі тегін, әлеуметтік жеңілдікте­р бар. Мектепте оқитын жергілікті қыздар: «Бұрын біздің тұрмысымыз дәл осындай жақсы болған емес. Бір кездері Юнцзиннің түкпірдегі кедей балықшылар деревнясы болғаны есімізде, мұнда бірде-бір турист аяқ баспайтын еді», - деп жиі мойындайды. Яғни, өзгерістер бірте-бірте болып отырған. Бүгінде ішкі туризмді дамытудың арқасында өңірге кеңбайтақ Қытайдың шартарапын­ан туристер келеді — жердің шетіндегі батыс өңір тіпті солар үшін де экзотикалы. Туристерме­н бірге бюджетке ақша құйылып, өлке гүлденіп, жаңа бояулармен құлпыра түсуде.

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan