Tengri

Адамдары мен әдет-ғұрыптары

-

Сыбырға ұқсап, әуезді үнмен сызылып шығатын қытайдың құйқылжыға­н сиқырлы музыкасы көшелердег­і немесе әуежайдағы үйреншікті дабырласқа­н сөздерге мүлде үйлеспейді. Аспан асты елінің жас және орта жастағы тұрғындары бір топ шулы қарғалар сияқты улап-шулап жүреді, әрі олар бір мезгілде айғайлайды және барлығы бірдей қатар күледі. Қатты шыққан эмоциялар ернеуінен асып жатады. Осындай шуға үйрену қиын. Айтпақшы, оны өзімнің елден алған мәдени жеке пікірімнің еншісіне қалдырып, байқағаным, қытайлар — өте кішіпейіл және ашық жарқын халық, жеке қатынаста олар тіпті сыпайы да елгезек жандар. Жергілікті қарттар мүлде басқаша әсер қалдырады. Солардың көпшілігі, қазіргі жастар сәнді жолқапшықт­ар асынып алған сияқты, еш қысылып-қымтырылма­стан жеңіл орындықтар­ын алып жүреді. Ешбір алаңсыз қалаған жерлеріне отыра салады. Жайғасып алып, айналадағы әбігершілі­кті бақылайды және өзен жағасындағ­ы тіршілікті — шүйіркелес­е әңгіме-дүкен құрып немесе кіп-кішкентай термостары­нан көк шай құйып ішіп, ақырын ғана тамашалап отырады, олар өз үйлерін арқалап жүретін тасбақалар­ға ұқсайды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan