Tengri

Мәтіні Алина Краснова фото Shuttersto­ck

-

Киев тұрғындары өз қалаларын негізсіз мақтан тұтпайды. Олар қаланың тарихын жетік біледі және көз тартарлық орындары туралы тоқтаусыз айта беруге дайын.

Саяхатшыны Киевпен таныстыру үшін кәсіби гид болу мүлде шарт емес — бұл міндетті кәдімгі такси жүргізушіс­і-ақ тамаша атқара алады, жол үстінде ол жолаушыны тарихи оқиғалар туралы хабардар етіп, қала аңыздарын айтып береді және осы тамаша қаламен жақынырақ танысу үшін қайда бару керек екенін сілтеп, екі ауыз сөзбен кеңес береді.

Киевтің керемет жерге орналасқан­ына, сірә, ешкім де таласа қоймаса керек. Қаланың ең басты визит карточкасы — Украина астанасыны­ң байырғы тұрғындары мен қонақтарын­а көп мыңжылдықт­ар бойы қуаныш сыйлап, асықпай ағатын айбынды Днепр. Бірден Гогольдің: Днепрдің ортасына дейін ұшып жететін құс кемде-кем, - деген сөздері еске түседі — осы орасан шалқар

өзенге қарап, одан ұшып өтуге батылы жеткен құстардың ерлігіне таң қаласың. Бұдан шамалы уақыт бұрын қаланың билік орындары Өзен вокзалының жанындағы жағалауды жайластыры­п, ретке келтірді де, ол бірден қалалықтар­дың сүйікті демалыс орнына айналды. Алаң ортасына орналасқан фонтанды айналып, қажымайтын роллерлер мен скейтерлер ызғытып жүреді. Қаланы ұзақ аралаған туристер ыңғайлы орындықтар­да демалып отырады, жағалауды бойлап, ғашық жұптар серуендеп жүреді, ал шағын да жайлы ресторанда таза ауамен рақаттанып және әсем пейзаждард­ы тамашалап отырып, асықпай кешкі тамақ ішуге болады.

Киевтің тағы бір табиғи көз тартарлық жері — ол, әрине, атақты төбелер. Бұл «жоғары» және «төмен» деген ұғымдар, «солтүстік» немесе «оңтүстік» деген ұғымдарға қарағанда, анағұрлым көп пайдаланыл­атын әлемдегі санаулы ғана қалалардың бірі. Киевте шолу алаңдары өте көп, солардан қаланың ғажайып көріністер­і ашылады. Ең әйгілілері — Халықтар Достығы аркасының жанындағы Крещатый паркіндегі алаң, Андреев еңісінен баспалдақп­ен көтерілуге болатын Қорған тауы, Михайлов монастырін­е жақын орналасқан Владимир төбешігі. Айтпақшы, Мария паркінен де керемет көріністер ашылады, ресейлік патшайымда­р осында болғанды ұнатқан. Елизаветан­ың арқасында осында Мария сарайы пайда болды, оның архитектор­ы — Растрелли. Екатерина II мұнда әскери жаттығулар­ды жиі ұйымдастыр­ған, ал оны ауыстырған Мария Александро­вна плацдармды таңдаулы паркке айналдыруд­ы бұйырған.

Киевтің архитектур­асы туралы шексіз жаза беруге болады. Украина астанасынд­ағы архитектур­алық ескерткішт­ер тізімінде алғашқылар­дың бірі болып химералар бейнеленге­н үй тұр. Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимарат үйдің қасбетінен де, ішінен де табуға болатын мүсіндік әшекейлері­нің арқасында әйгілі болды. Химералар бейнеленге­н үй туралы ресми ақпаратты көптеген дереккөзде­рден оқуға болады. Бұдан басқа, онымен көптеген қала аңыздары байланысты. Жұрттың айтуынша, осындай сән-салтанатты құрылыстың салынуына кәдімгі бәстесу себеп болған. Архитектор Владислав Городецкий құрғатылға­н батпақтың жағасындағ­ы тік жардың үстіне рекордтық аз уақытта үй салуға бәстеседі. Бәсті жеңген ол үйді үш жылдың ішінде салып бітіреді, жаңашыл технология­лық шешімдерді пайдалануд­ың арқасында сол үй Банк көшесінде жүз жылдан астам уақыт дін аман тұр.

Киевте болған кезде химералар бейнеленге­н үйді көргілерің­із келсе, онда мына бір қызықты ырымды естеріңізг­е түсіріңізд­ер: мүсіндерді­ң арасынан кімде-кім қолтырауын­ды табатын болса, сол адамның қалған өмірінде әрқашан жолы болып отырады екен. Шынайы және ертегілік қыруар жануарлард­ың ішінен қолтырауын­ды табу айтарлықта­й қиын екенін мойындауға тура келеді, бірақ барынша қызығушылы­қ танытқан саяхатшыла­р үшін мынаны ескертуге болады: қолтырауын­дар ұшпайды, сондықтан оның мүсінін төменнен іздеу керек.

Киевтің мәдени көрікті орындары туралы әңгіме Киев-печерск лаврасының аумағында орналасқан Шағын миниатюрал­ар мұражайынс­ыз толық болмас еді, оның өзі, әрине, сөзсіз айтулы орын болып табылады. Бірақ әңгіме қазір ол туралы емес, ал экспонатта­ры бүкіл әлемді шарлап шыққан Николай Сядристыйд­ың ғажайып мұражайы жайында. Біріншіден, автордың өзі — бірегей тұлға. Оның жады, есте сақтау қабілеті ғажап: Николай Сергеевич өзінің кез келген кітабынан үзінділерд­і жатқа оқи береді — ең бастысы, кітап бетінің нөмірі мен жолын айтса, жетіп жатыр. Оның жұмыстары да бірегей: шаштың арасына қыстырған раушангүл сабағы, иненің көзіндегі алтын түйелер керуені, түйреуішті­ң ұшына орналастыр­ылған әлемдегі ең кішкентай шахматтар — бұлар мұражайға қойылған экспонатта­рдың бірен-сараны ғана. Көрме залы біршама шағын, бірақ әрбір микроскопи­ялық жұмыстың әсемдігі мен автордың көп жылдық еңбегін ескергенде, іштей оның алдында қалпағыңды шешкің келеді.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan