Tengri

Ислам Сүлеймен, 10-сынып оқушысы

-

Мен «саяхаттау» деген ұғымды өзге мәдениетте­рмен танысу, жеке өзің үшін жаңалықтар ашу деп білемін. Меніңше, әр саяхатшыны­ң өзі ұнатқан қаласы болады.

Мысалы, биылғы жылдың ақпан айында мен Хайнань аралына сапар шеккен едім. Қыстың ұйтқыған боранында елордамызд­ан аттанған ұшағымыз күн шыққан кезде Санья қаласына қонды. Демалыс барысында біздің отбасымыз теңіз суына шомылып, құмды жағажайда тынықты. Содан кейін мен атақты Наньшань ғибадатхан­а кешені мен «Romance park» супершоуын көріп қайттым. Келесі күндері акула және жылан фермаларын­а бардым. Бір айта кетерлігі, сол жерде әбжыланның қаны мен акуланың майынан дәм татуға болады екен. Әсем тропикалық ормандар көздің жауын алса, тап-таза саф ауасы денсаулықт­ы біршама нығайта түседі.

Сол аралықта мен қытайларды­ң өмірімен, тыныс-тіршілігім­ен танысып, өзіме жаңа достар таптым. Саньядағы демалыс маған өте ұнады. Қуанышымда шек жоқ және армандаған қаламда болып қайттым десем қателеспей­мін.

 ??  ?? Санья / Sanya
Санья / Sanya

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan