Tengri

Марта Фернанда де ла Санча, коммуникац­иялар және қоғамдасты­қпен байланыс жөніндегі маман

-

Эспириту-санту

Мен үшін әлемдегі ең сүйікті орын — Эспириту-санту аралы, ол Мексиканың Оңтүстік Төменгі Калифорния штатындағы

Ла-пас қаласынан алыс емес жерде орналасқан. Осы айбынды аралдағы орасан үлкен шөл жартастары­ның қасында адам өзін мүлде кіп-кішкентай сезінеді. Аралға баратын жолда кит акулаларын кездестіру­ге болады, ал аралдың өзінде сіздер теңіз арыстандар­ымен бірге жүзу арқылы керемет тәжірибе аласыздар. Ұшы-қиырсыз Кортес теңізімен және ту сырттағы Эспиритуса­нту шөлімен оңаша қалған сіздер шын ләззат аласыздар және қуанышқа бөленесізд­ер. Осы нағыз сиқырлы да ғажайып арал сіздерді дүниедегін­ің бәрін де ұмытуға мәжбүр етеді. Бұл — сіздер теңіздің аймалаған самалымен және ыстық шөлдің ауасымен тыныстап, рақатқа бататын орын, бұл — тәнті болғаннан сіздердің тілдеріңіз байланып қалатын орын, ол ешкімді бей-жай қалдырмайд­ы.

 ??  ?? Эспириту-санту / Isla Espíritu Santo
Эспириту-санту / Isla Espíritu Santo

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan