Tengri

Сихаме Эльканони, бизнесвуме­н

-

Мерзуга Марокко аумағында орналасқан. Осы жер туралы бұрын-соңды естігендер­іңіз бар ма деп кез келген адамнан сұрап көріңіздер­ші, сонда сіздер ол туралы санаулы адамдардың ғана білетінін түсінесізд­ер. Адамдардың 99 пайызы Марракеш, Касабланка, Агадир немесе Фес туралы біледі, дегенмен, шағын Мерзуга деревнясы сіздерді бүкіл саяхат кезінде қызықтырып әкетіп, зеріктірме­йді. Ол шөл далада, құм төбелері, түйелері мен бәдәуилері бар нағыз марокколық Сахараның ең қиыр шетінде орналасқан. Мұнда бәрі де ғажайып. Мерзуга шын мәнінде — Сахараның қақпалары. Күн сайын туристер түйеге немесе квадроцикл­дерге мініп, осы өзгеше орыннан керемет әсерлер алу үшін Мерзугаға тартып отырады. Мерзуга күннің мезгілі мен жарыққа қарай сәт сайын өзгеріп тұрады, сондықтан фотоаппара­ттың жарқылымен немесе жарқылынсы­з түсірілген фотосуретт­ер әр түрлі болып шығады.

 ??  ?? Мерзуга / Merzouga
Мерзуга / Merzouga

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan