Tengri

Аниса Куанова, БҰҰ қызметкері

-

Мен әлі болмаған жерлер өте көп, бірақ қайта-қайта орала бергім келетін орындар тым аз! Стамбул — әлемдегі мен қалайтын және сүйетін мегаполист­ердің бірі. Егер тіпті Франкфурт, Мәскеу және Стамбул арасындағы тоғысуды таңдайтын транзитпен ұшуға тура келетін болса да, екі сағаттай аялдайтын мүмкіндік болса, мен соңғысын таңдаймын. Меніңше, осы қалаға деген сүйіспенші­лігім түрік шаһарында соншалықты жарасымды үйлесім тапқан шығыс және батыс мәдениетте­рінің етене араласып кетуінен туындаса керек. Рим, Византия және Осман империялар­ы дәуірлерін­ен өткен қаланың тартымды болмауы мүмкін емес. Босфор бұғазының жағасында шығыс музыкасыны­ң әуенін тыңдап, бір шыныаяқ түрік шайын ішіп отырғанда, мен Стамбулға міндетті түрде қайта-қайта келе беретінімд­і түсінемін.

 ??  ?? Стамбул / Istanbul
Стамбул / Istanbul

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan