Tengri

Қорқыт Aтаның мәңгілік музыкасы

- Мәтіні Леся Сокол / фото Анатолий Устиненко

Қызылорда даласында, Байқоңыр ғарыш айлағынан 70 километр қашықтықта өзгеше және бірегей Қорқыт Ата мемориалды­қ кешені бар. Ол қазақтың ұлтық аспабы — қобыздың атасы, композитор, ақын, философ, жыршы, IX ғасырдың ұлы ойшылы Қорқытқа арналған.

Ұлы музыкантқа арналған ескерткіш сәулетші Бек Ыбыраев пен физик-акустик

Совет Исатаевтың жобасы бойынша 1980 жылы салынды. Ескерткіш дүниенің төрт бұрышына бағытталға­н, қобыз түріндегі төрт тік стеладан тұрады, олардың ішіне 40 металл түтіктен құрастырыл­ған орган қойылған. Түтіктерге жел тиген кезде, олар қобыз үніне ұқсас дыбыстар шығарады.

Халық арасында музыкант-жыршыны Қорқыт Ата деп атап кеткен, ол өте ұзақ өмір сүріп, қартайған шағында қайтыс болған. Оның ұзақ өміріндегі­нің бәрі де: дүниеге келуінің, өмірі мен өлімінің тарихы әдеттен тыс және аңызға толы оқиғаларда­н тұрған. Аңыз бойынша, Қорқыттың анасы оны құрсағында үш жыл тоғыз күн бойы алып жүрген. Бала дүниеге келген күні алапат найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жасын ойнағаны соншалық, зәреқұты қалмай қорыққан халық нәрестеге Қорқыт деп ат қойған. Өмірге өзгеше бала келіп, аңызда айтылғанда­й, үш жүз жыл өмір сүрген.

Тіршілікті­ң тез өтетініне көнгісі келмеген Қорқыт өмір бойы мәңгі өмір сүрудің дауасын іздеумен болады. Мәңгі өмірді іздеген ол адамдардан аулақ кетеді, бірақ қайда барса да, ормандағы құлаған және шіріген ағаш, қырдағы қураған селеу түрінде өлім өзінің бар екенін оның есіне салып отырады — осылардың барлығы оған тіршілікті­ң аяғы бәріне бірдей екенін және болмай қоймайтыны­н білдірді. Ал жол-жөнекей ұдайы өзіне арнап көр қазып жатқан адамдар кездесумен болды... Үміті үзілген Қорқыт туған даласына қайтып келеді де, бір ағаштың түбіне отырады, сонда оған жоғарыдан өлімнен қалай құтылу керек екенін айтқан дауыс естіледі: сиқырлы музыкалық аспап жасап, тоқтамаста­н ойнай беру керек екен. Кесілген ағашты түйе терісімен қаптап, оған ат қылынан ішектер тартқан Қорқыт осылайша қобызды жасап шығарады. Аспаптың үні ғажайып болып шықты. Қорқыт қобыз тартқан кезде, уақыт тоқтап қалады да, өлім оған жақындай алмайды. Бірақ бір жолы қария ұйықтап кетеді де, қобыздың үні шықпай қалады, сонда ұрланып жеткен жылан оны шағып алады.

Қорқыт Ата өлсе де, оның сиқырлы аспабы мен саздары мәңгілік.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan