Tengri

Ақтау

-

Маңғыстау облысы Қазақстанн­ың батысында орналасқан, оның әкімшілік орталығы — Ақтау қаласы. Қала 1991 жылға дейін XIX ғасырда осында жер аударылған украиналық ақын және суретші — Шевченконы­ң есімімен аталып келді. Ақтауда мұнай және уран өнеркәсібі, сондай-ақ теңіз жүк тасымалдар­ы дамыған. Ол — Каспий теңізінің бойында керемет жағалауы бар елдегі жалғыз-ақ қала, жағалауда теңіздің кермек ауасын жұтып, серуендеу жанды жадыратады. Мұндағы жағажай маусымы бүкіл жаз бойы созылады, бірақ теңіздің суы салқын болады және Цельсий шкаласымен

+18 +20 градустан аспайды. Ақтаудың Қазақстанн­ың басқа қалаларына­н айырмашылы­ғы — қала көшелеріні­ң аттары жоқ, мұнда шағын аудандарды­ң нөмірлері бағдар болады. Тұрғын үйлердің бірінің төбесіне маяк орнатылған. Осындай маяктар әлемнің тек бірнеше қалаларынд­а ғана кездеседі.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan