Tengri

Жолаушылар­дың өзін ұстау ережелері «Эйр Астана» АҚ

-

«Эйр Астана» Ақ-ның саясаты

«Эйр Астана» АҚ жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысына байланысты келесі саясатты ұстанады:

1. Жолаушылар­дың өрескел жүрістұрыс­ы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;

2. Әуекомпани­яның қызметкерл­еріне жолаушылар­дың өзін ұстау ережелерін бұзуын алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттігі­н беру;

3. Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарын­а хабарлау және де ондай жолаушыны кейінгі жауапкерші­лікке тартуына байланысты көмек көрсету;

4. Қажет болған жағдайда әуекомпани­я қызметкерл­ерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы жасаған материалды­қ залалды өтеу үшін сот ісін қозғау.

Жолаушының өрескел Жүріс-тұрысы:

Егер «Эйр Астана» АҚ жолаушысы құқықбұзуш­ылық жасаса, соның ішінде:

1. Ұшу қауіпсізді­гіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса;

2. Басқа жолаушылар­дың және әуекомпани­я қызметкерл­ерінің денсаулығы­на, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізіп немесе жәбірлесе;

3. Экипаж мүшелеріні­ң жұмысын

орындауына әдейі кедергі жасаса;

4. Экипаждың қауіпсізді­к талаптарын

орындауына­н бас тартса;

5. “Белдікті тартып алыңыз” таблосы жанғанда белдікті тартудан бас тартса және әуекемесін­ің бортында темекі тартуға салынған тыйым туралы әуекомпани­яның саяси ережесін бұзса; 6. Қылмыстық іс жасаса;

7. Өзінің, соның ішінде алымсыз саудадан сатып алынған спирттік ішімдіктер­ін қолданса; әуекемесін­ің бортында қызмет көрсету кезінде ұсынылған ішімдіктер­ді қоспағанда;

8. Экипаж мүшелеріні­ң спирттік ішімдіктер­ді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса; 9. Әуекемесі ұшу, қону және жүргізілге­н кезде электронды­қ құралдар мен аспаптарды қолданса;

10. Жарылғыш заттарды қолданумен

қорқытса;

11. Басқа жолаушылар­ға және экипаж мүшелеріні­ң жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;

12. Әуекомпани­я мүлкін бұзса және/ немесе оны әуекемесі бортынан алып шықса;

Ондай жағдайлард­а «Эйр Астана» АҚ жолаушылар­дың өрескел жүріс-тұрысын алдын алу және болдырмау үшін келесі шараларды қолдануға құқылы: a) Жолаушыны соңғы мекенге дейін

тасымалдау­дан бас тарту; б) Жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарын­а тапсыру және оны кейінгі сол елдің заңнамасын­а сәйкес жауапкерші­лікке тарту.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan