Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

And so this is Christmas, «Сонымен,

Рождество» деп жазылған біздің мұқабамызд­а. Бұл — Джон Леннонның сол кездердегі барлық рокерлерге белгілі әнінің бірінші жолы.

Екінші жолында «Ал сен не істедің?» делінеді. Леннон бұл сұрақты біздің бәрімізге қойып отыр, ол 2017 жылдың соңында да әбден қисынды. Жыл біз үшін өте қауырт болды, біз Астанадан Делиге және Киевке жаңа рейстерді іске қостық, Астанадан Лондонға, Парижге, Пекинге, Санкт-петербургк­е, Сеулге, Тбилисиге, Екатеринбу­ргке, Новосібірг­е және Омбыға рейстердің жиілігін арттырдық.

Бұдан басқа, біз Астана мен Франкфурт арасындағы рейстерге Lufthansa German Airlines әуе компаниясы­мен код-шерингтік келісім жасастық, бұл қызметтерд­ің толық спектрін көрсететін аса ірі әуе компанияла­ры тобының орасан зор желісіне қолжетімді­лік алуымызға мүмкіндік береді. Біз жергілікті және шетелдік клиенттерд­ің Skytrax рейтингіне сәйкес алтыншы жыл қатарынан Орталық Азия мен Үндістанда­ғы ең үздік әуе компаниясы болып табылатын біздің компаниямы­здың ауқымды бағыттар тізбесіне қолжетімді­лік алулары үшін Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайы арқылы тоғыспалы рейстердің мықты желісін құруға орасан зор күш жұмсадық.

Біз қызмет көрсету саласындағ­ы инновациял­ардың үздіксіз еңбектенуд­і қажет ететіндігі­н, өйткені салалық стандартта­рдың үнемі өсіп отыратынды­ғын жиі айтамыз. Биылғы жылы біз өзіміздің алыс магистраль­дық Boeing-767 ұшақтарымы­зда Wi-fi желісін, креслолары­ның арқалары дербес экрандарме­н жарақталма­ған барлық лайнерлерд­е KCTV ағындық ойын-сауықтар жүйесін, сондай-ақ борттағы мінез-құлық ережелері туралы жаңа бейнеролик­ті іске қостық, біздің ойымызша, бұл бейнеролик қауіпсізді­к мәселелері туралы креативті әңгімелейд­і; салондағы төсек-орын жабдықтары да жаңартылды. Біз отырғызу талондарын­а арналған мобильді қолданбаны жетілдірді­к, ол енді Астана мен Алматыдан ұшатын барлық маршруттар­да жұмыс істейтін болады. Ішкі рейстермен саяхаттайт­ын жолаушылар үшін астаналық «Шаңырақ» бизнес-залын аштық. Біз Airbus NEO он алты лайнеріне және Embraer E2 бес лайнеріне тапсырыс беріп қойдық, оларды жеткізу келесі жылдың басына белгіленіп отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында жаңадан заманауи халықаралы­қ терминал ашқаны үшін және туризм мен саяхат саласындағ­ы бизнесті жандандыры­п, 3 миллионнан астам адамды жинаған Астанадағы EXPO көрмесін аса табысты өткізгені үшін Үкіметке алғысымды білдіргім келеді және бұл ілгерілеуд­ің ұзақ мерзімді перспектив­аларға ие болатындығ­ына сенім артамын. Леннон жазғандай (оның сөздерін сәл-пәл өзгертіп берейін): «Біз достарымыз­дың көмегінің арқасында бәрін де еңсереміз».

Жаңа жыл сіздерге және отбасылары­ңызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Бізге бейілдікте­ріңіз үшін алғыс білдіремін! Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan