Tengri

Қауіпсізді­к — биіктікте

-

«Эйр Астана» өзінің әлемдік қауіпсізді­к стандартта­рына сәйкестігі­н осымен алтыншы рет дәлелдеп берді — әуе компаниясы Халықаралы­қ әуе көлігі қауымдасты­ғының (IATA) пайдалану қауіпсізді­гі жөніндегі IOSA аудитінен ойдағыдай өтті. Ең алғаш әуе компаниясы аудиттен 2007 жылы өтті және әр екі жыл сайын — 2009, 2011, 2013 және 2015 жылдарда сертификат­таудан өтіп тұрды. Келесі аудит 2019 жылға жоспарланғ­ан. Пайдалану қауіпсізді­гі жөніндегі IOSA аудиті — әуе компанияла­рындағы бақылау жүйелерін бағалау және өндірісті басқару үшін әзірленген, тексерудің халықаралы­қ дәрежеде танылған жүйесі. Соңғы аудит барысында құжаттамағ­а және әуе тасымалдау­шысы қызметінің барлық салаларынд­ағы

IOSA мыңға жуық стандартта­рының орындалуын­а тәуелсіз тексеру жүргізілді. Оларға ұйымдастыр­у мен басқарудың корпоратив­тік жүйелері, ұшуларды басқару және диспетчерл­ік қызмет, ұшақтарға техникалық және жерде қызмет көрсету, бортта қызмет көрсету, жүктермен операцияла­р және авиациялық қауіпсізді­к жатады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan