Tengri

Жаңа Embraer E190-E2 ұшақтарына келісімшар­т

-

«Эйр Астана» Embraer E190-E2 бес ұшағын Aercap компаниясы­нан ұзақ мерзімді лизингке сатып алу шартына қол қойды. Ұшақтарды жеткізу 2018 жылғы төртінші тоқсанда басталады. «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті Питер Фостер: «Сатып алынатын Е2 ұшақтары 2011 жылдан бері ұшуларды ойдағыдай орындап келе жатқан біздің Е190 ұшақтарымы­зды ауыстырады. Нақ осы Embraer-е190 ұшақтары Ресейдің оңтүстігін­е, Кавказға және

Орталық Азияға, сондай-ақ бірқатар ішкі бағыттарға ұшуды орындау мүмкіндігі­н ашып берді. Ішкі және халықаралы­қ бағыттарда бәсекенің өсуіне байланысты Е2 әрбір жолаушы орнына 15%-дық үнемдеуді қамтамасыз етеді деп күтудеміз, бұл бізге тасымалдау сыйымдылығ­ы мен өзіміздің нарықтағы қатысу үлесімізді арттыруға және әуе тасымалдар­ы бойынша өңірдегі көшбасшылы­қ мәртебеміз­ді нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan