Tengri

Борттағы Wi-fi

-

«Эйр Астана» әлемде бірінші болып кең фюзеляжды Boeing 767 ұшағына Rockwell Collins|inmarsat GX кең жолақты жедел әрекетті байланыс жүйесін орнатты.

Бизнес- және эконом-класс жолаушылар­ы енді мессенджер­лерді пайдалана алады, әлеуметтік желілерді қарай алады, поштаны тексеріп, аудио тыңдай алады. Көрсетілет­ін жаңа қызмет қалған екі Boeing 767 әуе кемесіне осы жылдың аяғына дейін орнатылады.

Сіздер үш интернет-топтаманың біреуін таңдай аласыздар: «Старт» — 15 МБ, «Бизнес» — 50 МБ, «Cупер» — 100 МБ тиісінше 1500, 4500 және 7500 теңге тұрады. Қосылудың орташа жылдамдығы — секундына 2 Мб-тан 5 Мб-қа дейін. GX Aviation әуе жүйесі — бортта кең жолақты байланысты қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген, теңдессіз жылдамдыққ­а, сенімділік пен тұрақтылық­қа ие нарықтағы бірегей өнім.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan