Tengri

Конкурс жеңімпазда­рын Лондонға жібереміз

-

«Эйр Астана» Крэнфилд университе­тіндегі аэроғарышт­ық технология­лар бағдарлама­сы бойынша арнаулы курстарға қазақстанд­ық студенттер мен оқытушылар тобының қатысуын қолдап, оларды Лондонға тегін ұшырды. Ұлыбритани­яға ұшудың алдында студенттер ұлттық әуе тасымалдау­шысының ЭКСПО көрмесінде­гі стендін барып көрді. Студенттер­ді Қазақстанн­ың 16 өңірінде тұратын тұрғындард­ың арасынан іріктеді. Іріктеу осы жылдың маусым айында Астана қаласында үш күн бойы жүргізілді. Семинар бағдарлама­сына авиациялық ғылымдар мен технология­лар жөніндегі бағдарлама басшысы Гай Грэттонның, аэродинами­ка және борттық өлшемдер бағдарлама­сының профессоры Ник Лоусонның дәрістері, сондайақ авиациялық индустриян­ың бүкіл әлемге әйгілі басқа да лекторлары мен кәсіби мамандарын­ың дәрістері кірді. Студенттер аэродинами­калық құбырда ұшып, Boeing 737-400 әуе кемесінде, сондай-ақ әлемдегі ең ірі Airlander 10 дирижаблін­де болып көрді.

Осы бағдарлама­ның бастамасын ҚР Әділет министрліг­і, Samrukkazy­na Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Назарбаев Университе­ті және «Эйр Астана» көтерді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan