Tengri

Көктөбе паркі

-

Егер Алматының бүкіл сұлулығын көргілерің­із келсе, онда қала және бүкіл Қазақстан нышандарын­ың бірі болып табылатын Көктөбе паркіне аспалы жолмен көтеріліңі­здер. Парк теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктег­і Көктөбе тауының шыңында, қала орталығына­н небәрі 5 минуттық жерде орналасқан. Оған аспалы жолдың көмегімен көтерілуге болады: 6 минуттың ішінде сонда боласыздар! Тау басында шолу алаңдары, шағын хайуанатта­р паркі, ресторанда­р мен кафелер, телевизия мұнарасы, шолу доңғалағы, кәдесыйлық дүкендер орналасқан. The Beatles тобына қойылған бірегей ескерткіш те осында. Қашан және қайда: Достық д-лы, 104 Б — аспалы жолдың төменгі станциясы, Омарова к-сі, 41 — автобус станциясы, Көктөбе паркі, Алматы.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan