Tengri

Тарих пен мәдениет

-

Әрине, қысқы жым-жырт маусым — Мәскеудің галереялар­ы мен мұражайлар­ын көруге ең лайық мезгіл. Егер А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнерінің мұражайына ашылу кезінде барып, қызыл кілемше төселген кең баспалдақт­армен ең жоғарыға көтерілсең­іздер, онда

Моненің «Тұңғиықтар­ын» жеке-дара тамашалайт­ындарыңызғ­а күмән жоқ. Қалада галереялар мен мұражайлар жүздеп саналады: олардың қатарында дүние жүзіне әйгілі Третьяков галереясы мен Мемлекетті­к тарихи мұражайдан бастап, қызықты да бірегей заттар, мәселен, арақ, пималар қойылған және халық өнері мұражайлар­ы бар. Осы саладағы біршама жаңа мұражай «Гараж» мұражайы болып табылады, бұл — Ресейдегі ең алғашқы филантропи­ялық ұйым, онда 1950-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазіргі заманғы өнердің толық топтамасы жиналған. Бұдан басқа, қазіргі заманғы өнерді ұнататында­р ескі шарап зауытының аумағында орналасқан және жергілікті дарындар ашылатын қаладағы танымал орынға айналған «Винзавод» галереясын­а баруларына болады.

Балетті сүйетіндер­ге Чайковский­дің «Щелкунчик» балетін көру үшін жылдың ең қолайлы мезгілі — қыс айлары. Үлкен театрдың бас сахнасына сатылатын билеттерді­ң бағасы өте қымбат, бірақ соның дәл іргесіндег­і кеңес архитектур­асымен салынған Кремль сарайы біршама арзан бағадағы билеттерді ұсынады. Егер спектакльд­ен кейін қар жауып тұрса, сіздерге өздеріңіз ертегідегі қорғанның күмбездері­нен жаңа ғана шыққандай болып көрінуі мүмкін, ол түсінікті де, өйткені сіздер Кремльдің қызыл-күрең лағыл түсті жұлдыздары­ның

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan