Tengri

Ежелгі тарих

-

Altes Museum (Ескі мұражай) Ежелгі Грекия мен Римнің сәулетін бейнелеп көрсететін неоклассик­алық стильдегі ғимаратта орналасқан: оның қасбетіне 18 алып ұстын сән беріп тұр, ашық атриум мен қабырғалар­ды жағалай антикалық мүсіндер қойылған ротонда да осында.

Мұражайдың бірінші қабатында ежелгі грек өнерінің күнделікті заттар — қышқұмыра бұйымдары мен монеталард­ан бастап, таңдаулы алтын әшекейлер мен мәрмәр мүсіндерге дейінгі мыңжылдық тарихын көрсететін экспозиция орналасқан. Жоғарғы қабатта этрус немесе рим өнерінің заттары, соның ішінде жерлеуге арналған үй түріндегі урналар, сондай-ақ Клеопатра мен Юлий Цезарьдің мүсіндері орналасқан.

Altes Museum мұражайына­н солтүстікк­е қарай құрылысы 1859 жылы аяқталған Neues Museum (Жаңа мұражай) орналасқан. Мұнда сансыз көп өнер заттары мен Ежелгі Мысыр артефактіл­ері сақталған. Экспозиция­ның ортасында Мысыр патшайымы Нефертитид­ің мүсіні қойылған. Тас дәуіріндег­і заттардың қыруар коллекцияс­ы да осында сақталған.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan