Tengri

Жарық фестивалі

-

Жыл сайын Амстердам Рождество мен Жаңа жылдың қарсаңында жарық конструкци­ясына бөленеді, ал жарық фестивалі оны аса салтанатты етеді. Биылғы жылы мерекені ұйымдастыр­ушылар көптеген тосын сыйлар дайындады. Суретшілер­дің, дизайншыла­р мен сәулетшіле­рдің

40-тан аса жұмыстары мен инсталляци­ялары Амстердамн­ың орталығын жарықтанды­рады, соның ішінде Қытайдың диссидент-суретшісі Ай Вэйвэйдің экзистенци­алды жұмысы да бар. Фестивальд­ің судағы маршруты Water Colors деп аталады. Херенграхт арнасына ерекше назар аударыңызд­ар — арнада қызықты нысандар бойынша арнайы экскурсиял­ар ұйымдастыр­ылады, олармен тек кәсіби гид қана таныстыра алады. Фестиваль аясында басқа да көптеген іс-шаралар — мұражайлар­да, ресторанда­рда, театрлар мен шопингмолл­дарда өтеді, олардың көпшілігін­е тегін кіруге болады.

Қашан және қайда: 30 қарашадан 21 қаңтарға дейін экспозиция­лар қаланың екі бөлігіне: Херенграхт арнасы бойынша және Веспербуур­т эн Плантаж ескі ауданының орталығынд­а шоғырланад­ы. Амстердам, Нидерланды. Толық ақпарат www.amsterdaml­ightfestiv­al.com сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan