Tengri

Анастасия Ефременков­а, бренд-менеджер

-

Менің сүйікті қалам — Неаполь. Осы жылдың басында Италияға бірінші рет барып, сол қаладан бәрінен де қатты әсер алдым. Ғажайып кереғар көрініс: бір жағынан, ол — мафия қаласы, екінші жағынан — сансыз көп сән-салтанатты шіркеулер қаласы. Көшелері, жұмсартып айтқанда, біршама лас, бірақ ауасы таза, теңіз ауасы, жеп-жеңіл және еркін дем аласың. Итальяндық тағамдар туралы сағаттар бойы айта беруге болады, бірақ пиццаның отаны — нақ осы Неапольде ең дәмді үй тамағын дайындайды: әр бұрышта кездесетін пицца өзімен-өзі, оған қоса, ет, теңіз өнімдері, шарап, лимончелла да бар. Егер жоғарырақ — төбелерге, ескі қорғанға, жақсы отельдің жай жоғары қабатына көтерілсең­іздер, қала мен теңіздің аса сұлу көріністер­і ашылады. Маған жағалаумен қыдыру өте ұнады: шағалалард­ың шаңқылы мен Везувийдің жақындығы адамды сабасына түсіреді және дұрыс, салмақты көңіл-күйге келтіреді.

 ??  ?? Неаполь / Naples
Неаполь / Naples

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan