Tengri

Джан Гёкташ, отельдің бас менеджері

-

Шын мәнінде сүйікті қаланы таңдау, содан кейін оны жүз сөзбен сипаттап беру мүмкін емес. Алайда, Наполеон айтқандай: «Егер бүкіл жер жүзі бір ел болса, онда сол елдің астанасы Стамбул болар еді». Қала керемет жерге орналасқан — ол Босфор бұғазы жағасының екі жақ қапталын да жайлайды; онда сауда қызу жүретін базарлар, айшықты мешіттер, сән-салтанатты сарайлар, мұражайлар, сурет галереялар­ы мен әлемдік деңгейдегі ресторанда­р өте көп. Ескі шаһардың тас төселген тар көшелерінд­е бірегей көне ағаш үйлер бой түзеген. Оңтүстікте Мәрмәр теңізінің жарқыраған көгілдір сулары өзіне еліктіріп шақырады. Солтүстікт­е сіздерді Бейоғлы ойын-сауықтар ауданының жарқыраған және қонақжай оттары қарсы алады. Алматы — менің екінші сүйікті қалам. Оның жасыл желегі мен тазалығы, тұрғындары­ның ақжарқын көңілдері мен жылы жүздері сияқты, басқа қалаларға үлгі болады. Алматыға келіңіздер, оның мәдениетін және тарихтың іздерін сезіну үшін қаланы аралаңызда­р.

 ??  ?? Стамбул мен Алматы / Istanbul and Almaty
Стамбул мен Алматы / Istanbul and Almaty

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan