Мариус Матас, бренд-директор
Егер сіздер операны ұнататын болсаңыздар, онда міндетті түрде Копенгагеннің опера театрына барыңыздар — эстетикалық ләззатқа бөленетіндеріңіз және үзілісте мартини ішетіндеріңіз кәміл. Ескілікті ғимараттары жыпырлаған ескі қаланың тар көшелері кімді де болса шатастыруы мүмкін, бірақ олар күтпеген жерден винтажды және бірегей дүкендерге алып шығады, онда менің скандинавиялық сүйікті дизайншым — Georg Jensen-нің зергерлік дүкені бар.
Қазіргі заманғы архитектураны бағалаушылар Эрестад ауданын лайықты бағалайды, ол — қала ішіндегі қала. Хикметті ғимараттар, өзгеше шешімдер мен материалдарды іріктеу — биокомпозициялық қасбеттер, жарықтың ойнауы — бірегей идеялар үшін жер жүзінен осында келетін сәулетшілерді өзіне тартады. Ең соңында Ismageriet кафесінен керемет балмұздақтың дәмін татыңыздар.