Раушан Саханова, бренд-менеджер
Будапешт заңды түрде әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі болып есептеледі. Туристер қаптаған, шулы Прагадан айырмашылығы, Будапешт, менің ойымша, Шығыс Еуропаның нағыз інжуі болып табылады. Қала үлкен емес, бірақ өте жайлы. Будапештің жүрегі — жағалау маңы, оны бойлай трамвай жүреді. Айбынды Дунай қаланы екіге бөледі: таулы Буда мен жазықтықты Пешт. Сұлу өзеннің үстінен жергілікті көз тартатын орындарға жататын сегіз көпір салынған. Көпірлермен жаяу серуендеуге болады және солай ету керек те. Серуеннен кейін жағалаудағы кафеге кіріп, астананың басты символы — Венгрия Парламентінің ғажайып көрінісін тамашалаңыздар. Ғимараттың сөзбен айтып жеткізе алмайтын сұлулығы мен айбындылығы оны Будапешттің басты көрікті орнына айналдырды.