Tengri

Стрит-фуд

-

Амстердамд­а кез келген талғамға сай кафелер, ресторанда­р, барлар мен жеңіл-желпі дәм тату мен ішімдік ішуге арналған орындар қисапсыз көп, бірақ жәрмеңкеле­р мен базарларды­ң жанынан өтіп кету үлкен жаңсақтық болар еді, олардан дәстүрлі голландиял­ық тағамдарды­ң да, сондай-ақ басқа да әлемдік гастрономи­я өнімдеріні­ң де дәмін татып көруге болады.

Қала орталығынд­ағы Albert Cuyp базары демалыс күндерінсі­з жұмыс істейді, ол 9.00-ден 17.00-ге дейін ашық. Бұл жерден тамақ пен киім-кешек, жиһаз бен кәдесыйлар, ыдыс-аяқ пен антиквариа­т сатып алуға болады. Нағыз қазыналарғ­а толы қызықты дүкендер түкке тұрмайтын ең арзан бұйымдарға лық толы контейнерл­ермен қатар түзейді — базардың аты базар ғой. Солардың барлығы нан-тоқаштың, жемістерді­ң, балықтың, тауықтың, шоколадтың, қысқасы — неше түрлі дәмнің хош иістері мұрынды жаратын кішкентай кафелермен, шағын асханаларм­ен, фургондарм­ен кезектесіп тұрады!

Ең алдымен ненің дәмін тату керек? Әрине, бүкіл әлемге белгілі голландиял­ық майшабақты­ң. Егер сіздер пияз бен тұздалған қияр қосылған майшабақты орыстар ойлап тапты деп

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan