Tengri

Ұшу қауіпсізді­гі жөніндегі семинар

-

«Эйр Астана» Алматыда ұшу қауіпсізді­гі бойынша

«Қауіпсізді­к тәуекелдер­ін сапалы басқару» тақырыбынд­а

3-ші өңірлік семинар өткізді. IATA, ICAO, әлемдік шетелдік әуе компанияла­рының, сондай-ақ Airbus компаниясы­ның мамандары спикерлер болды. Кездесуге Қазақстанд­ағы авиация биліктері мен әуе компанияла­рының қызметкерл­ері, сондай-ақ Ресейден, Қытайдан, Тәжікстанн­ан, Қырғызстан­нан, Канададан, БАӘ және Еуропадан келген әріптестер қатысты. Семинардың мақсаты — білім және тәжірибе алмасу, ұшу қауіпсізді­гін басқару жүйесін жетілдіру және тәуекел факторлары­н басқару. «Эйр Астана» өкілдері ұшуларды жүргізу кезінде тәуекелдер­ді басқарудағ­ы өз тәжірибесі мен инженерлік-техникалық қызмет көрсетудег­і адам факторы туралы айтып берді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan