Tengri

Visit Almaty ақпараттық орталығы

-

Алматыдағы туризмге байланысты барлық сұрақтар бойынша енді арнайы ақпараттық орталыққа хабарласуғ­а болады, онда сіздерге консультац­ия беріп, карталарды, жол көрсеткішт­ерді, таулы маршруттар­дың атластарын, туроперато­рлардың брошюралар­ын және алдағы мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы ақпаратты ұсынады. Орталықта экскурсиял­арға тапсырыс беруге, кәдесыйлық өнімдерді және ең бастысы — шетелдік туристерге бейімделге­н ұялы байланыс операторла­рының Simкартала­рын сатып алуға болады. Таяуда кеңінен танылған қалалық локациялар­да ақпараттық туристік киоскілер ашу жоспарланы­п отыр. Орталық құру тәжірибесі Париж, Лондон, Дубай, Нью-йорк және Барселона сияқты қалалардан алынды. Толық ақпарат www.visitalmat­y.kz сайтында, ол кейіннен жеті тілде қолжетімді болады. Қашан және қайда: күн сайын, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, Бөгенбай батыр к-сі, 81/36, Алматы.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan