Tengri

ЭКСПО туристік аймағы

-

Халықаралы­қ маманданды­рылған көрме аяқталғанн­ан кейін тура екі айдан соң, өткен жылдың қараша айында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрме кешенінің туристік аймағын келушілер үшін ресми түрде ашты. Оған қазір Болашақ энергиясын­ың мұражайына айналған «Нұр Әлем» павильоны, әлемнің 13 елінен жаңғыртыла­тын энергия көздері саласындағ­ы ең үздік 24 әлемдік жоба ұсынылған «Үздік тәжірибеле­р аймағы», тақырыптық павильонда­р және Қазақстанд­ағы алғашқы қазіргі заманғы өнер орталығы орналасқан Арт-орталық кірді. Келушілерг­е ыңғайлы болуы үшін мұнда ресторанда­р, кафелер, фудкорттар жұмыс істейді. Естеріңізг­е сала кетейік, ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралы­қ маманданды­рылған көрмесі Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтті, оны 3 миллион 860 мыңнан астам адам келіп көрді.

Қашан және қайда: сейсенбі-жұма: сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін; сенбіжексе­нбі: сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, Экспо-қалашық, Астана.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan