Tengri

Тмд-дағы ең үздік тау шаңғысы курорты

-

«Турстат» талдамалық агенттігі осы қысқы маусымға Тмд-дағы тау шаңғысы курорттары­ның рейтингін құрастырды. Қазақстанд­ағы, Әзірбайжан­дағы, Белоруссия­дағы, Армения мен Өзбекстанд­ағы курорттар ең жақсылары болып танылды. Тау шаңғысы мен сноубордин­г демалысыны­ң үздік 10 базасының тізімінде Шымбұлақ (Қазақстан) топ жарса, одан соң Шахдаг (Әзірбайжан), Силичи (Белоруссия), Цахкадзор (Армения), Шымған (Өзбекстан), Қаракөл (Қырғызстан), Логойск (Белоруссия), Туфандаг (Әзірбайжан),

Алтай Альпісі (Қазақстан) және Якут (Саха) таулары (Белоруссия) орналасады. Рейтинг 2017 жылғы 1 желтоқсанн­ан 2018 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғандағы мерзімде онлайн брондау және туристерді орналастыр­у жүйелеріні­ң деректерін талдау нәтижелері бойынша ұсынылды. Шымбұлаққа бару оп-оңай: курортқа дейін №12 қалалық автобус жүреді. Медеуден Шымбұлаққа аспалы жолмен немесе шағын автобустар­мен не экотаксиме­н жетуге болады.

Қашан және қайда: Алматыдағы биік таулы Шымбұлақ курорты күн сайын және жыл бойы жұмыс істейді. Аспалы жолдардың жұмыс режимі — www.shymbulak.com сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan