Tengri

Аңшылық деген не?

-

Дәстүр бойынша, түлкі аулау түлкіні аңду мен ізіне түсуді білдіреді, оларды арнайы үйретілген иттер ұстайды. Тазыларды кәсіпқой аңшы бақылайды. Салт аттыларды басқарушы бастап жүреді, оның өз көмекшісі — пикёр бар. Ол да аңшы иттерге жауапты аңшыға көмектесед­і. Аңшы тазыларға команда береді және қалған салт аттылармен аңшы кернейін тарту арқылы хабарласад­ы. Суық алқаптарда естілетін осы кернейдің дыбысын басқа ешқандай дыбыспен шатастыра алмайсың.

Түлкі аулау Англияда XVI ғасырда пайда болып, Англия мен Уэльсте итпен аң аулауға тыйым салатын заң күшіне енген 2005 жылғы ақпан айына дейін өзгеріссіз дерлік пайдаланыл­ып келді. Қазір аңшылық үшін түлкінің жасанды іздері бар арнайы трассалар дайындайды.

Көп адамдар үшін аң аулау ағылшынның селолық жерлерінің теңдессіз сұлулығын, қауіпті бірлесіп бағындыру кезіндегі жолдастық рухын, аялдау кезінде құтылар қолдан-қолға беріліп, айналып жүретін оңтайлы коктейль кешінің салтанатын және сәнді киімді ұштастырад­ы!

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan