Панчакарма әдістері
«Панчакарма» санскриттен тәржімалағанда «тазалаудың бес процедурасы» деген мағынаны білдіреді. Осы бірегей көне әдістеме ағзадан уыттарды шығару, адамның тәні мен жанын қатар тазалау арқылы қуатты терапиялық нәтиже береді. Осы процедуралар бес әрекетті қамтиды: вастха — май қосылған дәрілік шөп қайнатпаларынан клизма жасау; вамана — құстыратын дәрі-дәрмектерді ішу арқылы тазару; виречан — іш жүргізетін дәрілерді ішу; насьям — май аралас дәрілік шөптерді енгізу арқылы мұрын қуыстарын тазалау; рактамокшам — иненің немесе медициналық сүліктердің көмегімен қан алу. Әрине, бұл процедуралар пациенттердің барлығына бірдей белгілене бермейді, дәрігерлер нақты адамның физикалық жай-күйі мен қажеттіліктерін ескереді.
Панчакарманы қолданар алдында пациенттің ағзасын уыттарды шығаруға дайындайды, ол үшін негізгі екі аюрведалық процедура жүргізіледі, олар: снехана — май терапиясы және сведхана — саунада және ыстық шөп моншасында қыздырынуды меңзейтін бу терапиясы.
Бірінші, май терапиясын әдетте ешкім ұната қоймайды: бұл — өсімдік майлары араластырылған ащы шөп дәрілерін ішуден немесе жағудан тұратын сондай жағымсыз, кейде тіпті азапты процедура.
Алайда емдеу үшін осы кешенді тәсіл пайдаланылатын аурулардың тізімі өте үлкен. Олар — бронх демікпесі мен бронх қабынуы, диабет, қан аздық, асқазан және тоқ ішек аурулары, сүйек-буын қабынуы, ревматизмдік артрит, құяң, жүйке және жүйке-бұлшық ет аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, бауыр, несеп жолдарының аурулары, тері аурулары, гинекологиялық аурулар, басқа да өткір және созылмалы кеселдер. Панчакарманы көбіне спортшыларды жарыстарға дайындау кезінде, психоэмоциялық салмақ түсу мен жарақат алудан кейінгі оңалту кезінде тағайындайды.
Аюрведада кеселдерді тез емдеуге емес, ал одан бірте-бірте айығуға артықшылық берілетінін атап көрсеткен жөн. Иммундық жүйе үшін лездік есеңгірету терапиясынан айырмашылығы, мұнда кеселдерден бірте-бірте айықтырудың дұрыс екенін анық түсінеді. Аурулардан бірте-бірте айығу кезінде олардың ең зияндылары баяу болса да, бірақ анық кетеді. Ағзадан улы заттарды бір мезетте кетіру дене мен миды тепе-теңдіктен шығарады да, адам өзіне-өзі келе алмастан, өзін басқаша сезінеді. Айтпақшы, процесті жеделдету әрекетіне ағза әдетте