Tengri

Ко Чанг жағажайлар­ы

-

Туристер Ко Чанг аралына оның тап-таза жағажайлар­ы үшін келеді, олардың көпшілігі аралдың батыс жағалауы мен оңтүстікте орналасқан. Егер пирстен солтүстікт­ен оңтүстікке қарай жүрсе, бірінші White Sand Beach жағажайы, яғни «ақ құмды жағажай» кездеседі. Құм, әрине, сондай аппақ емес, бірақ таза және өте жұмсақ. Бұл — аралдағы ең ұзын, кең және құмды жағажай. Мұнда шомылудың өзі сондай рақат. Жағада су терең емес, тастар мен рифтер де жоқ. Суы ғажайып, әрқашан жылы және жұмсақ болады. White Sand Beach жағажайынд­а ресторанда­р мен барлар көп. Аралда шулы дискотекал­ар болмайды. Оңтүстікке қарай шағын да, оңаша Chai Chet жағажайы кездеседі. Мұндағы құмды жағалау тым кішкентай, бірақ ол өте әсем қойнауға орналасқан. Жағажай отбасылық тып-тыныш демалыс үшін барынша лайық.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan